Тұмар

Исламдық идея және Public Relations
ДҮНИЕЖҮЗІ МҰСЫЛМАН PR-ШЫЛАРЫНЫҢ II КОНГРЕСІ

Иран Ислам Ресубликасының астанасы Тегеранда желтоқсан айының 8-9 күндері Дүниежүзі мұсылман PR-шыларының ІІ конгресі өтті. Оған әлемнің 16 мемлекетінен1000-ға жуық PR-танушылар, журналистер, саясаткерлер, халықаралық қатынастар мамандары мен ақын-жазушылар және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты. Оның құрамында Қазақстаннан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері де болды.

Бұл үлкен бас қосуда Исламдық идеяның бүгінгі таңдағы жай-күйіне жан-жақты талдау жасалынды. Күллі адамзатты көп құдайлықтан арылып, Бір Аллаға  сыйынып, бір ауызды болуға шақырған Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с.) басталған жұртшылықпен байланыс идеясының Исламдық қағидаттардағы

айқын жолдарын жан-жақты ашып көрсетудің мәселесі талқыланды.

«Халықсыз билік болмайды, дінсіз халық болмайды». Адам баласы діни ұстанымдарымен өмір сүреді. Ал сол дініңді әлдекімдер озбырлықтың, жауыздықтың кескіні етіп көрсетіп жаһанға жар салып жатса, оған қарсы қандай да бір і-қимылдарды жүзеге асыруға тура келеді. Бірақ ол қандай іс-қимыл болмақ? Оны айқындау – аса жауапты мәселе. Конгресте зор маңыз бере айтылған әңгіме осыған ойысты.

Біз эфирден мұсылман елдеріндегі жарылыстар мен айқай-шуларды жиі көреміз. Ал Исламдық мемлекеттердегі мәдениет пен ғылымның дамуы туралы, адамдардың тұрмыс-жағдайы туралы әлемдік БАҚ тарататын ақпараттар тым аз. Мұның өзі ислам дінін құбыжық етіп көрсетіп, ол туралы жағымсыз PR таратушылардың қатарын көбейте бастады. Бұл бейбіт сүйгіш мұсылман елдерін алаңдатарлық жағдай. Сондықтан да біздің мұндай әрекеттерге қарсы жасайтын исламдық spindoktopлық шараларымызды күшейту бүгінгі таңда аса маңызды.

Батыстың кейбір журналистері мен  PR -шылары «исламистер» деген сөзге жағымсыз ассоцация қалыптастырып үлгірді. Біз бұларды антиисламдық бүлдіргіш вирустар ретінде қарастыруымыз керек. Және осындай жағымсыз пікірлерден өзімізді өзіміз тазартып отыратын антивурстарымызды үздіксіз екшеп шығарып отыруымыз

Мехди Bagherian,
Халықаралық Иран PR конгресінің негізін қалаушы және Бас хатшысы

маңызды.  Өйткені ислам діні біздің ішкі бірлігімізді сақтап тұрған қорғанышымыз. Демек дінімізді қорғау – әрбір мұсылманның борышы. Ал қорғау дегеніміз – ол тек қана өзіңе қарсы келгенге қарсы жауап қайтарып тастап отыру ғана емес. Немесе көшелерде шеру өткізу ғана емес. Шеру – қарсылық танытудың бір ғана амалы. Көп жағдайда ол тіпті мәселені ушықтырып жіберетінін де көріп жүрміз. Демек, оның басқа да тиімді амалдарын қолданысқа көптеп енгізу керек. Ол үшін осы бағыттағы арнайы зерттеушілер ұжымын жасақтаудың да маңызы зор. Сонда қорғаныс бағытындағы және исламдық демократтық идеяларды тарату бағытындағы жұмыстарды тек қандай да бір дағдарыстар тұсында ғана емес, жоспарлы түрде, үздіксіз жүргізіп отыруға мүмкіндік туады. Үздіксіздік – қандай жұмысты да нәтижелі етеді. Осылайша құрылған исламдық PR идеологиялық, саяси, ғылыми және экономикалық ұстанымдарды негізге ала отырып, әр бағытта үздіксіз жүргізілетін жұмыстардың кешені болады. Бұл кешенді жұмыстың әрқайсысы өзіндік ішкі PR-кешендерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Жоғары оқу орындарында Ислам ғылымын танытып, оқытып қана қою жеткіліксіз. Қазіргі таңда исламдық идеяны насихаттаудың жолдарын өзіндік ғылым ретінде дамытуда біз кенжелеп келеміз. Исламдық идеяны өзара түсіністік пен үйлесімділік негізінде, демократиялылықты, ашық пікірді ұстана отырып насихаттау үшін арнайы  PR-программалар қажет.

Тағы да бір маңызды мәселе – әр түрлі іріткі салушы діни ағымдардың жоғары оқу орындарына келіп, студенттердің арасында өздерінің теріс пиғылды саясаттарын жасырын түрде насихаттау үрдісінің бар екендігін жасыра алмаймыз. Бұл да мұсылмандыққа жағымсыз реңк беру үшін жастарды пайдалануға бағытталған әрекеттер болып табылады және өздерінің радикалды ұстанымдарын жастардың қолымен жүзеге асырудың жолдары екендігін жастарға кеңінен түсіндіруіміздің керектігі де осы конгресте баса айтылды.

Бірақ идеяны тарату өз алдына, сол идеяның экономиканың дамуына қаншалықты ықпалы болатындығын дәлелдеп шығу маңызды. Өйткені қандай идея болса да, ол халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, мәдениетінің өрлеуіне ықпал еткенде ғана жұртшылықтың қолдауына ие болады. Исламдық идея – шын мәнісінде сондай талаптарға жауап беретін, жоғары деңгейдегі ұстаным. Өкінішке орай мұсылмандық БАҚ, мұсылмандық Интернет-журналистика көп жағдайда исламдық идеяның экономикадағы, саясаттағы, білім берудегі, жастар тәрбиесіндегі, мәдени дамудағы, адам психологиясына, денсаулық сақтауға қатысты қағидаттарын терең зерттеп жазуға белсенділік танытпайды. Атүсті қарағандарға ислам діні дегеніміз тек қана намаз оқып, ораза ұстау сияқты.  Исламдық идеяның экономиканы дамытудың да кілті болатындығы туралы жазылып, әлемдік деңгейде жеткілікті айтылып жатқан жоқ. Ислам Даму Банкінің дамуы кенжелеп қалған мұсылман елдерге қаржылық-несиелік көмек көрсетуінің адамзаттың әлеуметтік дамуындағы маңызына жеткілікті баға да берілген жоқ. Мұның өзі мұсылмандық идеяны насихаттаудағы жүйеліліктің әлсіздігін көрсетеді.

Тағы бір маңызды мәселе мұсылмандық  PR тарихына қатысты болды.  PR-танушылар  Public Relations-дың әлемдік тарихын амрикалық Айви Лиден немесе Эдуард Бернейстен басталғандай көрсетеді. Ал шын мәнісінде PR-дың тарихы тым әріде жатыр. Оның ішінде мұсылмандық PR тарихы да ұзақ жолдардан өтіп, бүгінгі күнге жетті. Исламдық идеяны тарату үшін Public Relations-дың қаншалықты қажет болғандығын Мұхаммет Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірі туралы деректерді оқып шығып та көз жеткізуге болады. Көне дәуірлердегі көсемдердіңжұртшылықтың алдында сөз сөйлеуі, шамандардың билері, салт-дәстүрлері – осылардың бәрі жұртшылықтың бір тұтас ұлт, халық болып бірігуіне ықпал еткен ежелгі Public Relations технологиялар. Тіпті олардың қатарынан PR-акцияларды да табуға болады. Сондықтан ендігі кезекте мұсылмандық PR-дың толыққанды тарихын түзу қажет. Жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттарына, докторанттарына исламдық Public Relations тарихын зерттеуді тақырып етіп ұсыну қажет.

Жұртшылықпен байланыс орнатудың барлық мүмкіндіктерін іске қосу арқылы ғана біз жер шарының түкпір-түкпіріндегі адамдарға өз идеяларымызды жеткізе аламыз. Өз жақтастарымыздың қатары сонда ғана көбейе түседі. Әлемдегі ең әділ, адамгершілікке негізделген және демократтық бағыттағы исламдық идеяны таратудың нақты моделі, ортақ ұстанымы болуы тиіс.

Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежад өзінің осы конгреске жолдаған құттықтауында «Тегеранда өтіп жатқан бұл Конгресс Ислам елдері арасындағы бірлікті нығайта түседі деген сенімде» екендігін білдірді.

Иран Ғылым және технология университетінің профессоры, Ирандағы Ақпараттық технологияның (ІТ) негізін қалаушы Али Акбар Джалали:  «Исламдық  Public Relationsді халықаралық деңгейде дамыту дағдарысты

жағдайдан шығудың ең басты кілті» деді.

Малайзия Public Relationsинститутының вице-президенті, профессор Мохаммед Хамдан Аднан «Бұл конгрес исламдық идеяның жағымды образын қалыптастыруға қызмет етудің жаңа бағыттарын айқындай алды» деген пікірін білдірді.

Конгресс Төрағасы Мохаммад Рошан  2 рет өтіп отырған бұл Конгрестің маңызына тоқтала келіп, жаһандану дәуіріндегі Исламдық идеяның рөлін арттыруға Public Relations технологияларының тиімділігін атап өтті.

Иранның бұрынғы Сыртқы Істер министрі, Иран Рухани көсемінің кеңесшісі, доктор Али Акбар Велаяти: «Қандай жағдайда да батыстан естіліп жататын ислам дінін қоғамдық қатынастардан оқшаулап тастау әрекеттеріне біз жол бермеуіміз керек» дей келіп, бұл бағытта атқарылуға тиісті жұмыстарда исламдық Public Relations технологияларын батыл қолдануға шақырды.

Осындай ойларды ортаға салған Конгреске қатысушылар екі күндік жиынның қорытындысы ретінде келешекте мынадай бағыттарды іске асыруды негізгі деп тапты:

1. Ислам – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) негізін қалаған жұртшылықпен байланыс орнату идеясы. Ол Бір Аллаға деген сенімді және адамзаттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін, бірлік пен адамгершілікті негізге алады;

2. Ислам әлемінің басқа елдермен саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және халықаралық  байланыстары теңдік пен тәуелсіздікті негізге ала отырып кеңейтіле түсуі тиіс;

3.Исламдық  Public Relationsді одан әрі дамытудың жолдары ғылыми зерттеу нысандарына айналып, оның терең иірімдері ғылыми негізделуі қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Ислам елдері университеттерінде осы бағытта арнайы пәндер оқытылып, болашақ зерттеушілерге бағыт-бағдар сілтенуі маңызды.

4.Исламдық идеяның қазіргі таңдағы шынайы да жарқын, жаңашыл образын жаһанға таныту үшін коммуникацияның барлық тиімді технологияларын қолдану қажет болып отыр, бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының күш-қуатын көбірек пайдалануға басымдық беру керек;

5. Мұсылмандықтың қазіргі таңдаға қайта өрлеу кезеңі исламдық идеяның негізгі құндылықтарын барынша айқын көрсететін, бұл идеяның отаршылдықтан, астамшылықтан, зорлық-зомбылықтан, диктаторлық ұстанымдардан таза, ең бейбіт идея екендігін дәлелдеу кезеңі келді деп есептейміз және сол жолда атқарылатын іс-шараларды қолға аламыз

Оңайгүл Тұржан

Тегеран

Астанада Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының V конгресі өтті
Барлық елдердің түркілері, бірігіңдер!

ТҮРКСОЙ – түркі тілдес халықтар арасындағы мәдени байланыстардың дамуына қызмет ететін бірден бір халықаралық ұйым. Біз туыс елдер мәдениетінің ортақ тұстарын, сөз өнерін насихаттауға, аталардан қалған асыл мұраларымызды өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, жадына жазуға тырысудамыз. Еуразия кеңістігі ұлан-ғайыр даласын мекен еткен түбі бір түркі жұртының ең ғажайып мұраларының бірі – сөз өнері. Бұл байлықтың қолданылуы, дамытылуы, ұрпаққа мирас етілуі адамзат алдында барлығымыздың қасиетті борышымыз.

Дүйсен Қасейінов

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы

Бұл конгресті ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы,  Еуразия Жазушылар Одағы және «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Конгреске 15 елден 40-тан астам журнал редакторлары мен жазушылар, танымал мәдениет қайраткерлері қатысты. Және де бұл шараның өтуіне Түрік ынтымақтастық және даму агенттігі (ТИКА) мен Юнус Емре Түрік мәдениет орталығы демеушілік жасаған.

Конгресс жұмысына ҚР  мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай қатысты.

Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан осы Түркі әлемі әдеби журналдары редакторлары конгресін ұйымдастырушылардың бірі Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероғлы біздің журналға арнайы сұхбат берді.

О.Т.: – Түркі әлемі әдеби журналдары редакторлары конгресін дәстүрлі өткізудің негізгі мақсатына тоқталсаңыз.

Я.О.: -ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен соңғы бес жылда дәстүрлі шараға айналған  бұл  конгресс бұған дейін Түркияда, Солтүстік Кипрде және Әзірбайжанда өткізілген. Конгрестің мақсаты – түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы ұлттық тілде ақпарат алмасуды жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық

қаламгерлерді анықтау. Шара бағдарламасы бойынша биылғы жылы да әдеттегідей «Түркі әлеміндегі  жыл әдебиетшісі» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті, 2012 жылдың үздік әдебиетшісі анықталды.

О.Т.: – 5-ші рет бас қосып отыр екенсіздер. Бұған дейінгі бас қосулардың бүгінгі нәтижелері қандай?

Я.О.: – Өзіңіз де куә болғаныңыздай, Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының Ү конгресінде түркі тілдес халықтардың бүгінгі рухани әлеміндегі әдеби журналдардың қызметі сарапқа салынды, «Түркі әлемінің әдеби байланыстары: өткені, бүгіні, келешегі»,  «Әдебиет және әдеби журналдар»,  «Әдеби аударма және басылым»,  «Әдеби басылым және ұлттық тіл» тақырыптарында Түркия, Иран, Ирак, Қырым (Украина), Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ),  Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Косово, Солтүстік Кипр және Қазақстанның бірнеше белгілі әдебиетшілері баяндама жасады. Бұл баяндамаларда негізінен конгрестің жұмысы басталғалы бері атқарылған істердің нәтижелері баяндалды. Яғни, түркі тілдес халықтар әдебиетінің аударма мәселесінің бүгінгі жеткен жетістіктері, әдеби байланыстардың ықпалы айтылды. Қазір біздер бір-біріміздің әдебиетіміз жайлы кеңірек біле бастадық. Тұрақты шығып тұратын әр ел әдеби журналдарының бұл бағыттағы рөлі зор болды дер едім. Сол журналдарда түркі әлемі әдебиетінің маржандары бір тілден екінші тілге аударылып басылып жатыр. Ал мұның өзі келер шақтарда тұтас түркі әлемі әдебиетінің өзіндік электронды кітапханасын жасақтауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.Түркі халықтары әдеби журналдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері тағы да кеңінен талқыланды. Көптеген ұсыныстар айтылды, бұл бағытта кездесуі мүмкін қиындықтар мен кедергілер туралы да ойлар ортаға салынды. Мұның өзі конгресс жұмысының болашақта атқаратын іс-жоспарына негіз болады деп ойлаймын.

О.Т.: – Бұл бас қосуды биыл Астанада өткізуді жоспарлаған екенсіздер.

Я.О.: – Иә, оның да өзіндік себебі болды. Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан НазарбаевАстана қаласын 2012 жылғы Түркі әлемінің мәдени Астанасы деп жариялағаны белгілі. Демек, Мәдени астанада осындай іс-шараның өткізілуі заңдылық деп есептеймін.Қазақстанда 90 жылдан бері шығып келе жатқан «Жұлдыз» әдеби журналының өзі Қазақ елінің әдеби тарихының айнасы іспетті. Біз осындай мұралардың жалғасын тауып, бүгінгі түркі әлемі жастарының ортақ рухани қазынасы бар екендігін әрдайым көрсетіп, насихаттап, танытып отыруға міндеттіміз.

О.Т.: – Қазіргі заман негізінен электронды ақпаратқа құлақ түруге әуес. Сондай кезеңде әдеби журналдардың маңызын көтеріп отырған бұл Конгрестің жастарға қандай ықпалы болады деп ойлайсыз?

Я.О.: – Осының бәрі жастар үшін  жасалып жатыр. Жастар рухани құндылықтардың біздің заманымызға қағаз арқылы жеткенін жақсы біледі. Қазіргі электронды тасымалдағыштардың да рөлі зор екенін де түсінеді. Дегенмен,  ақпарат тасымалдағыш ретіндегі қағаздың дәуірі өткен жоқ, менің ойымша, ол – мәңгілік. Тасқа басылған құндылықтардың ғұмыры ұзақ және тамыры терең ойлардың қайнар көзі кітапта және журналдарда. Көркем шығарма – ол қай заман оқырманының да қажеттілігі болған және бола да береді. Бірақ көркем шығарманы Интернеттен оқып отыр алмайсың. Оны тек қана кітаптар мен журналдардан оқығанда тұщынасың. Сондықтан бұл шара жастарды көркем шығарма оқуға үндеудің бір амалы деп те түсінуіміз керек.

О.Т.: – Конгреске қатысқан түркі әдеби  журналдары қатарында біздің «Тұмар» журналы сияқты тек қана жастар шығармашылығын насихаттайтын басылым жоқ екен.

Я.О.: - Иә, Қазақ елінде тек қана жастар шығармашылығына арналған осындай тамаша журналдың бар екендігі бізді қуантты. Қандай экономикалық қиындықтарға да қарамастан және қазіргі жаһандану дәуіріндегі нарықтық психология мен нарықтық қыспаққа қарамастан біз жастардың рухани тіннен ажырап қалмауына барынша жағдай жасауымыз керек. Бұл орайда «Тұмар» журналы сияқты басылымдардың рөлі зор болар еді деп ойлаймын. Бұл – алдыңғы буын мен кейінгі буынның арасындағы алтын көпірдің қызметін атқарар еді. Біздің осы конгресіміз де мәдениет саласында келер ұрпаққа құнды еңбектер қалдыруды және онымен күллі түркі жұртын таныстырып отыруды мақсат етіп отыр, демек осы конгрестің де келешекте белесі биік болатынына сенімдімін.

Әңгімелескен  Оңайгүл Тұржан

Астанада өткен Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының бесінші конгресінде осы конгрестің шешімі бойынша белгілі жазушы Төлен Әбдік 2012 жылдың әдебиет қайраткері атанды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы қаламдас ғалымдардың осы шараға мұрындық болып отырғандығын және білім саласындағы азаматтар үшін маңызы ерекше екендігін тілге тиек етті. Сөз соңында белгілі ғалымдар мен жазушылардың студенттерімізге дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліссе екен деген тілегін білдірді.

Осы конгрестің аясында тарихы бай, күллі қазақ әдебиеті классиктерінің мектебі болған, бүгінгі таңда да қазақ әдеби кеңістігінің мәні мен мазмұны, мақтанышы мен мерейі болып отырған  «Жұлдыз» журналының 90 жылдық мерейтойы өткізілді.

Түркі  әлемі – кең жаһанның жартысын алып жатқан ел. Оның кеңістігінде де небір оқиғалар өтіп, ұлы өмірдің дәлізінде қалың жұртқаптап келе жатты және жағаға соққан толқындай улап-шулап кетіп бара жатты. Сөйте жүріп өзінің рухани байлығын арқалап, жолда түсіп қалғанын артта келе жатқандар жиып-теріп алып, туған жерге деген шексіз махаббатты бойына қуат қылып, қуаныш-қайғысын бір-бірімен бөлісіпарылы-берілі көшіп жүрген. Ол әлі де солай. Тек кешегідей үдере көшу тоқталған. Ендігі заман тұрақтап қалған жеріңдегі рухани байлығыңды жалпақ жатқан түркі әлемімен бөлісу, танысу және таныстыру, сол арқылы өзіңді өзің танудың шексіз кеңістігіне шығу.

Бұл Конгресс сол шексіз кеңістікке жол салудың келесі кезеңі болды.

Әдебиет, яғни, сөз өнері – ежелден келе жатқан рухани елші. Сол елшінің көмегімен ғаламдық рухани байлықты жасақтаушы әлем ретінде өзіміздің қандай ауқымда келе жатқанымызды анықтай аламыз.

Бұл Конгресс сол іс-қимылдың да келесі кезеңі болды.

Осындай жауапты жұмыста қолдан қолға көшіп, шапшаң іс-қимыл жасап жүгіре алатын технологияның бірі және маңыздысы – әдеби журналдар. Қазақ журналдарының көш басында тұрған «Жұлдыз», «Алтын тамыр», «Абай», Түркияның «Түрік едебияты» және «Түрік дүшүнжесі», Косованың «Түркчем», Солтүстік Кипрдің «Турналар», Әзірбайжанның «Улдуз», Қытайдың «Іле айдыны», Қырымның  (Украина) «Йылдыз», Өзбекстанның «Гүлістан», Иранның «Варлық», Саха-Якутияның (Ресей) «Атилла»,  Башқұртстанның (Ресей) «Агидел», Кабардин-Балкардың (Ресей) «Мингитау», Ирактың «Кардешлик» , Татарстанның (Ресей) «Қазан отлары», Қырғызстанның «Жаны Алатоо» және тағы да басқа басылымдар бүгінгі түркі әдебиетін бір-бірімен жалғастыра алатын алтын көпірлер.

Бұл Конгресс сол көпірдің тастабанын мықтай түсудің де келесі кезеңі болды.

Стефан Цвейг
ДОСТОЕВСКИЙДІҢ

КЕЙІПКЕРЛЕРІ

Үмтісіздіктің жапан даласы

Олардың бәрі де жоғары-төмен жанталаса жүгіріп, жарысып бара жатыр, Алешаның сөзімен айтқанда, «кім төменгі баспалдаққа аяқ басса, ол міндетті түрде жоғарғысына да шығады»; бұлар – олай да, былай да заулап, суға да жүгіріп, отқа да ұмтылып, бәріне де ашқарақтықпен жармасып, тоюды білмей, шекті де, өлшемді де көрмей, өздерінің өлшемдерін шексіздіктен ғана табатындар. Керемет күшпен шірене тартылған жебедей көкке атылып, қол жетпеске қол созып, жұлдыздарға ұмтылатын бұлардың әрқайсысының бойында өрт бар, әрқайсысында дүрбелеңдік ұшқыны бар. Ал дүрбелең көңіл адамды азапқа салады. Сондықтан да Достоевскийдің барлық кейіпкерлері – ұлы азап шегушілер. Олардың бәрінің де бетауыздары қисайып кеткен, сасқалақтаған, талып, құлап жүретін адамдар. Достоевский әлемін бір ұлы француз «жүйке ауруына шалдыққандар ауруханасы» деп шошына атады, шынында да, бір қарағанда, яғни, сырттай қарағанда, қандай бұлыңғыр, қандай таңғажайып әлем. Арақ-шараптың буына толы трактирлерде, түрме камераларында, қала шетіндегі пәтерлердің бұрыш-бұрыштарында, жезөкшелер үйі мен сыраханаларда, тұтастай алғанда, рембрандтық күңгірттіктегі ашқарақ образдар тобыры: өзі өлтірген адамының қаны қолына жұққан кісі өлтірушілер; жұрттың бәрінің күлкісіне қалып жүрген алқаштар; қараңғы бұрышты сағалап, қолына сары билет ұстап тұрған қыздар; көшеде қайыр сұрап тұрған қояншық-бала, сібір каторгасында адам өлтірумен болған қылмыскер, кір қожалақ төсекте өлім аузында жатқан адал ұры – бәрі-бәрі құж-құж қайнайды. Не деген азапты құштарлық! Ой, қандай азапты ғұмыр, орыстардың сұп-сұр тірлігі, мәңгі күңгірт, ап-аласа ғұмыр аспаны осы кейіпкерлердің басына төнеді де тұрады. Бұл – бақытсыздық отаны, үмтісіздіктің жапан даласы, мейірімі де жоқ, ертеңге деген сенім де бермейтін жер. Бастапқыда бұл орыс әлемі соншалықты қапас, азапты, жат, қаскөй болып көрінеді. Ол бейнетке белшесінен батып кеткендей және бұл жер, Иван Карамазов ызалана сипаттағандай, «түп тамырынан қақ жүрегіне дейін көз жасына малшынған». Сондай-ақ, Достоевскийдің өзінің бет-әлпеті сияқты, орыс әлемі бір қарағанда кедей шаруаның өңіндей, жер түстес, еңсесі езілген, жаншылған болып көрінеді, тек біраздан кейін барып оның сынық өңінің арғы жағынан жарқырап тұрған және сол арқылы оның керемет тереңдігін керемет сеніммен сәулелендіріп тұрған ақ маңдайын байқап қаласың, ал оның шығармаларының рухани жарығы жаттанды материяны жарып өтердей қуатқа ие.

Достоевский әлемі тек қасіреттен ғана құралған сияқты. Иә, бір қарағанда, оның кейіпкерлерінің қайғы-қасіреті басқа жазушылардың шығармаларындағыдан әлдеқайда көп секілді. Өйткені Достоевский сомдаған бұл адамдардың барлығы да өз сезімдерін бір қиырдан бір қиырға дүркірете қуып, қайта-қайта өзгертіп отырады. Және олардың қайғы-қасіреті – өздері үшін нағыз рахат сезімі болып табылады. Басқалар бақыттылықтан рахат сезіміне бөленсе, бұл адамдар, керісінше, аурудан және азаптан рахат табады; азап шегу – олардың бақыты; олар сол азаптан тістеніп айырылмайды, оны өз кеуделерімен жылытып, алақандарымен аялап, бар жандүниесімен оны жақсы көреді. Егер де бұлай жақсы көрмесе, олар дүниедегі ең бақытсыз адамдар болып шығар еді. Жандүниедегі сезімдердің керемет әсерленуінің бұлайша алмасуын, Достоевский кейіпкерлерінің асырып бағалағыштығын тек мысалдар арқылы ғана түсіндіруге болады: мыңдаған формада қайталанатындардың тек біреуін ғана, яғни, адамды шынайы жағдайда немесе ой-қиялмен масқаралағандағы қасіретті мысал ретінде таңдап алайын. Қандай да бір қарапайым ғана, сезімтал адам – мейлі ол ұсақ шенеунік болсын, мейлі генералдың қызы болсын – кім болса да ренжитін жағдайларға тап болып жатады. Әлдебіреудің жай ғана болар-болмас ескерту жасауы оның намысына тиіп кетті делік. Мұның өзі бүкіл организмді қоздырып жіберуге себепші болатын ең алғашқы аффект болып табылады. Ол қиналып жүреді. Өйткені біреу оның намысына тиіп кетті ғой. Ол енді сәл нәрседен секем алып, тіпті өзін ренжітерлік жаңа бір жағдайды іштей күтіп те жүреді. Көп ұзамай күткені келеді. Енді оның реніші бұрынғыдан екі есе артуы тиіс қой. Бірақ, бір ғажабы, бұл жолы оған бұрынғыдай ауыр тимейді. Рас, ол ашуланады, айқайға басады, бірақ оның ашуының бұрынғыдай жан қиналысынан шығып тұрмағандығы да білініп тұрады, өйткені оның өзіне көңіл күйінің осы өкпелі қалпы ұнайды. «Намысының тапталғанына ызалану сезімінен арыла алмауы – рахаттанудың кәдімгі адамға жат, сұмдық бір түрі болып табылады». Намысы тапталғанымен, оның орынын азап шегуші ретіндегі тәкәппарлығы толтырады. Сондықтан да ол өзін ренжітерлік тағы да бір осындай жағдайлардың болғанын қалайды, болған сайын көбірек болса екен дейді. Сөйтеді де олар араздықты қоздыра түседі, өсіре береді, талабы да күшейеді, өйткені: азап шегу енді оның құштарлығына, қуанышына, тіпті арманына айналды. Оның намысына тиді, енді өлшемді білмейтін бұл адам намысының шектен шыға тапталғанын қалайды. Енді ол өзіне тап келген азаптан тістеніп айырылғысы да келмейді, ал көмектеспекші болғандардың бәрін өзіне жау санайды. Расскольниковтың Соняны кеудеден итергені үшін, Илюшаның кішкентай Алешаның саусағын тістеп алғаны үшін аурушаң кішкене Нелли дәрі ішуден үш рет бас тартты, өйткені ол өзінің азапты шақтарын шексіз ұнатады. Және бәрі де азап көргенді ұнатады; азап шеге жүріп олар өздерін ғашық еткен өмірді барынша қатты сезінеді; олар «жер бетінде тек бейнет шеге жүріп қана сүйе алатындықтарын» біледі – оларға керегі де осы. Бұл – олар үшін болмыстың нағыз шынайы көрінісі; «cogito, ergo sum» – «Мен ойлай аламын, өмір сүріп жүргенім де соның арқасы» дегеннің орнына олар «Мен азап шегемін, өмір сүріп жүргенім де соның арқасы» деп тұжырымдайды. Достоевскийдің және оның кейіпкерлерінің осы «Мен»-інде өмірдің ұлы салтанаты жатыр. Бұл – ғаламдық сезімнің ең жоғары дейңгейі. Дмитрий түрмеде отырып осы «Мен»-ге, яғни, болмысқа ғашықтығына арнап ұлы гимн орындайды, міне, оларды азаптануға итермелейтін де өмірге деген осындай махаббатының күші. Достоевский шығармаларындағы қайғы-қасірет көріністері басқалардан көбірек сияқты болып көрінеді деп отырғаным да сондықтан. Өйткені, өзгермелі тіршілік бар өмір, әрбір құздан шығатын жол табылатын өмір, әрбір бақытсыздықтың өзіндік шырқау ләззаты бар өмір, үмітсіздікті сенім деп қабылдар өмір – бұл тек қана соның өмірі. Оның шығармалары қазіргі «Апостолдар іс-қимылын», яғни, рухтың күшімен азаптан арылу, өмірге деген сенімге шақыру, танымның Голгофуына шығу, біздің осы өмірді кешіп өтіп, Дамаскіге бару туралы аңыздар қатарын түзбей ме?

Достоевский шығармаларында адам өзінің ең соңғы ақырғы шындығы үшін, өзінің күлліадамзаттық «мен»-і үшін күреседі. Кісі өлтіріле ме немесе әйел өзінің шынайы махаббатына еріп-балқып жүр ме – мұның бәрі екінші қатардағы нәрселер, сыртқы көрініс, сахнаның сырты ғана. Оның романы адамдардың тереңдігінде, жандүние кеңістігінде, рухани әлемде өтіп жатады: сыртқы өмірдің кездейсоқтықтары, оқиғалары – бұлар тек репликалар ғана, мұны театр машиналары, сахнадағы шектеулер десе болады. Ал қайғы-қасіреттің бәрі – іште. Және ол қашан да кедергілерді жеңу, шындық үшін күресу деген мағынада жүреді. Ресейдің өзінен өзі «мен осы кіммін? менің құным қандай?» деп сұрайтыны сияқты, оның әрбір кейіпкері де өзіне өзі «мен кіммін? менің құным қандай?» деп сұрақ қояды. Ол өзін өзі іздейді, ал анығырақ айтқанда, өзінің тіршілігінің ең жоғары деңгейін – шексіздігін, уақыттан да, кеңістіктен де тыс, тәуелсіз, Құдайдың алдына барғанда қандай болатын болса, өзін дәл сондай күйде танығысы келеді, сөйтіп өзін тазартқысы келеді. Өйткені Достовскийдің әрбір кейіпкері үшін шындық – қажеттіліктен де жоғары нәрсе: бұл ол үшін – эксцесс, ләззат және мойындау – ең бір қасиетті ләззат, тіпті тас боп түйіліп, құрысып қалуға дейін бару.

Бір адамның бойындағы күллі адам

Достоевскийдің кейіпкерлерінде мойындау – ішкі адамның, бір адамның бойындағы күлліадам – құдай тектес адамның жер кіндігі арқылы сыртқа шығуы, тіршілік денесінің қабығы арқылы тәңірдей шындықтың жарып шығуы. Олар не нәрсені де сондай құштарлықпен мойындайды, бірақ оны Порфирий Петровичтің алдында Раскольниквтің мойындағанындай, біресе жасырып, біресе құпиялап көрсетіп, одан қайта жасырып, ал сәлден соң шындықты сол шындықтың өзінен де асыра айтып, ант ішіп, кемісітігі мен мейірімділігін араластыра, жанталаса баяндайды. Міне, дәл осы жерде, тек осындай тұстарда ғана Достоевский нағыз «мен» үшін күресте өзінің шырқау шегіне жетеді. Дәл осы түпсіз тереңдіктерде оның кейіпкерлерінің ұлы күресі, жүректің ұлы эпопеясы өтіп жатады: осы жерде бізге жат орыс элементтері бөлшектеніп, еріп, енді олардың трагедиясы тұтасымен біздің де, жалпы адамзаттың да трагедиясына айналады. Осы жерде оның кейіпкерлерінің жалпы тағдыры айқындалып, адамды тебірентіп жібереді, өзін өзі тудыру драмасын көріп отырып біз Достоевскийдің жаңа адам туралы, әр адамның бойындағы күлліадам идеясын көреміз.

Өзін өзі тудыру драмасы. Достоевский космогониясындағы, оның дүниетанымындағы жаңа адамның пайда болуын мен осылай атаймын. Және мен Достоевскийдің барлық кейпікерлерінің типтік тарихын біртұтас мифте баяндап шығуға тырысамын: өйткені жүздеген бағыттардағы иірімдерде жүретін адамдар ақыр аяғында біртұтас тағдырға келіп тоғысады. Олардың бәрі де бір ғана оқиғаның, яғни, адамның қалыптасуының әр түрлі нұсқаларында жүреді. Достоевксий өнерінің қашан да орталық нүктеге қарай бағытталатындығын естен шығармау керек және соған сәйкес оның психологиясы ішкі адамдағы адамға, барлық мәдени қабаттардың тереңдігінде жатқан абсолютті, абстрактылы адамға бағытталған. Көптеген суреткерлерде бұл қабаттар ерекше маңызды болып келеді, романдардың оқиғалары әдетте әлеуметтік, қоғамдық, эротикалық және тұрмыстық аяда өтеді де, сол жерде қалып қояды. Достоевский өзінің орталық нүктеге ұмтылысында әрбір адамдағы күлліадам идеясына, күлліадамзаттық «мен»- ге бағытталады. Ол қашан да осы адамды, осы ең соңғы адамды, оның миссиясын және қашан да бірдей деңгейдегі формада бейнелейді. Нағыз орыстарға тән қасиетпен олар өздерінің өмірлік күш-қуаттарын өздеріне ауыр жүк көреді. Ержете бастағанда, сезімдері де, жандүниелері де ояна бастаған тұста олардың еркін де жарқын рухтары қинала бастайды. Өздерінде пісіп-жетіліп келе жатқан: әлі толысып болмаған тұла бойларында жасырына, үнсіз өсіп, үлкейіп келе жатқан құпия күш пен сезімді байқап уайымға салынады. Құпия жүктілік (олардың бойларында өздеріне де түсініксіз бір жаңа адамның пайда болып келе жатуы) оларды қиялшыл етіп жібереді, олар үнсіз қалыпта қапырық бөлмелерде, бұрыш-бұрыштарда, күні-түні өзі туралды ғана ойлап, тапжылмастан отыра береді.Олар тіпті осы таңғажайып атараксияда, Будда тәрізді қақшиып, жандүние тұтқынында жылдар бойы отыра береді; олар өздерінің тұла бойына еңкейе құлақ түріп, екінші жүрегінің соғысын тыңдағысы келгендей қалып танытады. Жүктілікке тән барлық құпия жағдайды: өлімнен шошыну, өмірден қорқу, өзіне ауыр да, қатал талап қою сияқты жағдайларды бастан кешіреді.

Ақыр аяғында олар өздерінің іштерінде әлдененің бар екендігін, жаңа бір идеяның бар екендігін сезінеді де, енді олар сол құпияны ашуға ұмтылады. Олар өздерінің ойларын хирургиялық құрал-жабдықтардай етіп әбден өткірленгенше қайрап-ұштайды да, өздерінің ішкі күйін сол өткір ұшпен тіліп жібергендей етіп ашып көреді. Олар қызуқандылықпен сөйлеп, өздерін езілген көңіл-күйден арылтқысы келеді, өз жүйкесін өзі ұғынғысы келіп, оны шектен шығардай барынша, тіпті есі кеткенше ширықтырады; сол кезде олар өздерінің барлық ойлаған ойларын бір идеяға тоғыстырады да, тағы да олар туралы шексіз ойға беріліп, оны әбден үшкірлеп алады, ал сол кезде бұл әбден иненің ұшындай болып үшкірленген идея олардың өздеріне қарай бағытталады. Кириллов, Шатов, Раскольников, Иван Карамазов сияқты жалғыз-жалғыз адамдардың әрқайсысы «өздерінің» идеяларымен – нигилизм, альтуризм, Наполенның идеяларындай әлемдік идеялармен басы қатады және мұның бәрін де олар жанды қинар жалғыздықта жүзеге асырғысы келеді. Олар енді өздерінің тұла бойында өсіп келе жатқан жаңа адаммен күресетін қару іздей бастайды, олардың өзіндік тәкәппарлығы сол жаңа адамды жаншып тастауға ұмтылады. Кейбіреулері сезімдерін қолдан қоздырып, сол арқылы іштегі дауылдай көтеріліп келе жатқан даму тасқынынан басым түскісі келеді. Былайша айтқанда, баспалдақтан секіріп, билеп, у ішіп, іштегі баласын түсіріп тастағысы келген әйелдей олар да іштегі басқа адамды құртып жіберуге тырысады. Іштегі жаңа сезімнің сылдырын өзіне естіртпес үшін жанталасады, кейде одан бір жола арылу үшін өздерін құртып жіберуге дейін барады. Мұндай кезеңдерде олар әдейі азғындыққа салынады. Ішеді, азып-тозады және мұның бәрін олар керемет құштарлықпен жасайды (әйтпесе олар Достоевскийдің кейпкерлері болмас та еді). Оларды азғындыққа алып келетін – қасірет. Немістер сияқты олар арақты рахаттану үшін немесе қатты ұйықтау үшін ішпейді, мас болу үшін ғана ішеді, өзінің ақылдан адасқанын ұмыту үшін, картаны да ақша үшін ойнамайды, уақыт өткізу үшін ғана ойнайды, ләззат алам деп азғындамайды, өзінің шын мәнісіндегі өлшемін жоғалту үшін азғындыққа салынады. Олар өздерінің кім екендіктерін білгісі келгендіктен де, өзіндік бір шекті іздейді. «Мен»-інің ең соңғы шегін анықтау үшін өздерін біресе оттай өртейді, біресе мұздай етіп суытып көреді және, ең бастысы, өз тереңдіктерін өлшейді. Олар рахаттанудың шыңына жеткен кезде, жұмақта жүргендей күй кешеді, ал төмен түскенде, аң сияқтанады, осының бәрін олар тек өз бойындағы кәдімгі адамды анықтау мақсатында жасайды. Немесе, өздерінің адам екендіктерін білмейді де, адамға айналуға тырысады. Коля өзінің қайсарлығын өзі анықтау үшін поездың астына түседі, Раскольников өзінің Наполеон туралы теориясын дәлелдеу үшін кәрі кемпірді өлтіреді, бірақ бұлардың бәрі де не нәрсені болсын өздері жасағысы келген деңгейден асырып жібереді, сондағы мақсаттары – сезімдерінің шырқау биігіне көтерілу. Өз тереңдіктерін, адам ретіндегі өзіндік шекараларын анықтау үшін олар кез келген түпсіздікке секіріп кетеді: сезімталдықтан шатасушылыққа, шатасушылықтан қаныпезерлікке ауыса салады, бірақ керемет ләззат ала отырып та оған көңілдерінің толмай қалатындығы – олар үшін қалыпты жағдай. Олар құтырынған кезде саналы түрде «ах!» ұра өкінеді де.

Бірақ олар сезімдері мен ойларының шектен шығуына шыдай алмай құтырына түскен сайын, шын мәнісіндегі өздеріне өздері жақындай түседі, өздерін өздері құртып жібергісі келген сайын, олар шын мәнісіндегі өздерін табады. Олардың шаттықпен бүркемеленген қасіреті – құрысып-бүрісіп жанталасуы, олардың қылмысы – өзін өзі қайта туғызудың толғағы. Олар өздерін талқандап бұзу арқылы ішкі адамды жасырып тұрған сыртқы қабықты ғана бұза алады, сөйтіп өздерінің жандүниесін шын мәнісінде азат етеді. Ұмтылыстары қандай деңгейде болса, сондай деңгейде азаптанады, сол арқылы өздерінің қайта туылуына өздері мүмкіндік жасайды. Өйткені жаңа тіршілік иесі аурумен қинап барып жарыққа шығады. Ал оларды құтқаруға өте үлкен бір нәрсе, ерекше бір нәрсе келуі тиіс, бір құдыретті күш ең ауыр сағаттарда келіп жетуі қажет; көмекке мейірім мен шексіз махаббат келуі тиіс. Олардың ерекше іс-әрекеттері, қылмыстары, барлық сезімдерін қайта оятатын ауыр жағдайлар тазалықты тудыру үшін қажет. Бірақ бұл жерде де, шынайы өмірдегідей, кез келген туылудың арты өлім қаупінің ернеуінде тұрады. Адам табиғатының ең түпкі күштері, яғни, өлім мен өмір, дәл осы сәттерде бір-бірімен айқұшақ ұстасып қалады.

Достоевский жасаған адам мифінің мәні – әр адамның бытысқан, бұлыңғыр әрі көп қырлы «мен»-і нағыз адамның, стихиялы адамның, құдай жаратқан қалпындағы адамның (ортағасырлық дүниетанымдағы, бірақ әлі күнәға батпаған алғашқы қауым адамы) ұрығымен ұрықтанғандығында. Бұл бұрынғы адамның мәдениетті адамның тозған қауашағынан шығуына көмектесуі – ең жоғарғы міндет және жер бетіндегі ең маңызды борыш. Бәрі де тұқым шаша алады, өмір ешкімді де жатсынбайды, өмір қара жердің бетіне бір сәтті күні жаралған әрбір адамды қуанышпен қарсы алды, бірақ жұрттың бәрі бірдей тұқым шашпайды. Кейбіреулердің рухани болбырлығынан ол іріп-шіріп кетеді де, олардың өздерін улап тастайды. Кейде сәби, идея жарыққа шығысымен азаптан өледі. Кириллов – өзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін өзін өзі өлтіруі керек, Шатов – шындығы дәлелдену үшін өлтірілуі керек.

Бірақ Достоевскийдің басқа өжет кейпкерлері – қарт Зосима, Раскольников, Рогожин, Дмитрий Карамазовтар жорғалаушы емес, қанатты болуы үшін өзінің өлі кокондарын тастап, жерде жүретіндердің төбесінен ұшып өтетін көбелек секілді өздерінің әлеуметтік «мен»-дерін, яғни, адам табиғатының бейшара личинкаларын өлтіргендер. Жандүние қайшылықтарымен желбіреп, жалпыадамзаттық жандүние құйылып, шексіздіктермен құбылып тұрады. Олардағы артық нәрсенің бәрі лақтырылған; бұл образдардың абсолютті ұқсастықтары да осында. «Ғаламдық өшпенділіктердің тұманынан» жаңа өмірдің шұғыласына көз жастарын төге шыға келгенде Алешаны шалдан, Карамазовты Раскольниковтан ажырата алмайсыз. Достоевскийдің барлық романдарының соңында грек трагедияларының катарсисі, яғни, ұлы тазару жағдайы пайда болады: күннің күркүрінен кейін мөлдір ауада кемпірқосақ пайда болады емес пе, бұл орыстар үшін тіл табысудың жоғары символы болып табылады.

Кім азап шегеді, азап сол адамды бауырмал етеді

Достоевскийді кейіпкерлері өздерін таза адам ретінде қалыптастырып алғаннан кейін ғана шынайы пікір алысу жағдайына келеді. Бальзакта кейіпкерлер қоғамды жеңген кезде салтанатқа бөленеді; Диккенсте – әлеуметтік жағдайға бейбіт түрде бейімделіп, өзіне буржуазиялық ортадан орын тауып, отбасын құрып, танымал бола бастаған кезде салтанатқа бөленеді. Достоевскийдің кейіпкерлері ұмтылатын қарым-қатынас ортасы ендігі жерже әлеуметтік емес, діни орта: ол қоғамды емес, әлемдік бауырластықты іздейді. Оның шығармаларындағы жаңғыз ғана иерархия – әркімнің өз көңілінің тұңғиығына

және мистикалық қарым-қатынасқа апаратын баспалдақтар ғана. Оның романдарының бәрі ең соңғы адам туралы баяндайды: оның жалған тәкәппарлығы мен ұсақ-түйек реніштері болып тұратын қарым-қатынастың әлеуметтік және өтпелі кезеңдері артта қалды; индивидуум, өз «мен»-інің адамы күлліадам идеясына айналды; оның жалғыздығы, тәкәппарлық ретінде көрінетін өзіндік ерекшелігі сындырылды, енді ол кез келген басқа адамдардан шексіз мейірімділікпен, жалынды махаббатпен өзінің бауырын көреді, таза адамды көреді. Тазаланған бұл соңғы адам енді ешкімнен айырмашылық көрмейді, оның әлеуметтік жағдайы туралы мүлдем ұмытады; оның жұмақтағыдай тыр жалаңаш жаны ұялуды да, тәкәппарлықты да, кекті де, жек көрушілікті де білмейді. Қылмескер мен жезөкше, кісі өлтіруші мен діндар, князь бен алқаш өзінің жаратылымының ең терең, ең шынайы қалпына түсіп, кездесіп, әңгіме-дүкен құрысады; барлық деңгейдегілер бір-бірімен араласып, жүрек жүрекпен, жан жанмен қауышады. Достоевскийде адам қаншалықты шыншыл және адамгершіліктің қай деңгейіне жеткен деген мәселе шешуші маңызға ие. Мұндай тазару, «мен»-нің тазаруы қалай жүзеге асты, ол маңызды емес. Маңыздысы – енді оны ешбір азғындық бүлдіре алмайды, ешқандай да қылмыс оны жойып жібере алмайды: құдайдың алдында өзінің арынан басқа сот та жоқ. Шыншылдық пен жалғандық, жақсылық пен жамандық – бұл сөздер азаптың отына жанып кетті. Кім шынайы тілектес болса, сол ғана таза: өйткені кім шыншыл, сол тіл табысуға құштар. Кім де кім бәрін де танып білген болса, ол «адам рухы заңдылықтарының соншама құпия әрі соншама жұмбақтығын, сондықтан да бәрін білетін емшінің де, тіпті соттың да болмағанын, болмайтындығын да» түсінеді және біледі; ол ешкімнің кінәлі еместігін де немесе бәрінің де кінәлі екендігін біледі, бірақ ешкімнің ешкімге сот бола алмайтындығын, бәрінің бір-біріне бауыр болуы керектігін біледі. Сондықтан да Достоевский ғаламында біржола шеттетілгендер жоқ, «қаскөйлер» де жоқ, тамұқ та жоқ, сотталғандарды Христостың өзі де алып шыға алмайтын Дантенің соңғы шеңбері де жоқ. Ол тек тазаруды ғана біледі және тәкәппар, суық әрі мәдениетті адамдарға қарағанда адасқан адамдардың жандүниесінің жалыны мол болатындығын, шынайы адамға жақын болатындығын да біледі, ал мәдениетті адамдар үшін шынайы адамдар буржуазиялық заңдылықтардан мұзға айналған. Оның шынайы адамдары азаптың алдында бейнет шегеді, жандүниесін тазартады, сондықтан олар қара жердің ең терең құпиясын да біледі. Кім азап шегеді, азап сол адамды бауырмал етеді, Достоевскийдің барлық кейіпкерлерінің назары ішкі адамға, яғни, өз бауырына ауғандықтан да, олар үрейден ада. Бұлардың ерекше қабілеті бар, оны автор орыстың типтік қабілеті деп көрсетеді: олар ұзақ уақыт жек көріп жүре алмайды, сондықтан да жер бетіндегінің бәрін түсіне аларлық шексіз мүмкіндікке ие. Олар әлі де бір-бірімен ұрысып-керісіп қалады, бейнет те шегеді, өздерінің махаббаттарына ұялады, өздерінің тіл табысуға деген ниеттерін әлсіздік деп біледі және мұның адамзат үшін ұлы күш екенін түсінбейді. Бірақ олардың дауыстары шындықты алдын ала сезіп отырады. Бір-бірімен достаса жүріп, бір-бірімен қарсыласа жүріп, олар бір-біріне ішкі дүниесінің көзімен, керемет бір жанға жайлы түсіністікпен қарасады және бейнет кешудегі бауырмалдықтары арқылы тіл де табысады. Тыр жалаңаш, мәңгілік адам бауырмалдық арқылы өзін таниды және бәріне де кешіріммен қараудың құпиясын білді, ал жандүниенің бұл орфалық үн қатысуы – Достоевскийдің мұңды шығармаларындағы лирикалық музыка болып табылады.

Достоевский астрономиямен емес, жандүниенің астрологиясымен айналысады

Достоевскийдің кейіпкерлері, шындықты, өздерінің шектеулі болмысының тікелей шындығын іздейді; ғаламның тікелей мәнін суреткердің өзі де – Достоевский де іздейді. Ол реалист және рет-ретімен қарайтын реалист: ол кез келген форманың өзінің қарама-қарсы мәніне соншалықты бір құпиялықпен ұқсап кететін шегіне дейін жетеді, ал бұл жағдай кез келген орта түсініктегілер үшін фантастикалық жағдай болып көрінеді. «Сіз не нәрсені кескіндесеңіз де, ол өзінің шынайы жағдайындағыдан әлсіздеу болып шығады», – дейді оның өзі. Шынайы жағдай «сіздің өз қиялыңыз жасай алатынның барлығынан да асып түседі». Шындық ешбір жазушыда Достоевский баяндағандай деңгейдегі айқындыққа жете алған жоқ, оның шығармаларындағы шындық қалыңқы тұрған жоқ, ол өзінің мүмкіншілік деңгейінде тұр. Оның шындығы қарапайым, психологиялық тұрғыдан тәжірибесі аз адамдардың көзіне түспейді де: мысалы, су тамшысы жай көзге жап-жарық, айнадан қарағандай айқын болып көрінеді, ал оған микроскоппен қарағанда, сан түрлі қайнап жатқан жағдайды, құжынаған инфузориялар хаосын, бір ғана формада көрінетін тұтас бір әлемді көрер едіңіз, сол сияқты суреткер де шынайы жағдайдағымен салыстырып қарағанда ерсі көрінетін жоғары реализм тұрғысынан келіп шындықты таниды.

Заттардың терісінің арғы жағына жасырылған, болмыстың қақ жүрегіндегі осы жоғары немесе өте терең шындықты тану – Достоевскийдің ең бір құмар нәрсесі болды. Ол адамды тұтастық ретінде де, қарапайым да қызуқанды қалпындағы сан қырлы кейпінде де танығысы келді, бірақ соның екеуін де әбден көз жеткізіп танығуға ұмтылды, сондықтан да оның микроскоп пен пайғамбардың көрегендігін қосқандағыдай көрінбей тұрғанды да көре алатын данышпан шындығы француздардың шындықтың өнері және натурализм деп атаған шындығынан тас қабырғамен бөлгендей қашық жатыр еді. Өздерін «натуралистердің ізбасарларымыз» деп атайтындардың (өздерін бұлай атайтындар шындықтың шегіне жеттік дегісі келетіндер, ал Достоевский олардан асып кеткен еді) қай-қайсысынан да Достоевский өзінің талдауларында дәлірек те нақтырақ еді, дегенмен де оның психологиясы шығармашылықтық рухтың басқа қырынан көрінгендей әсер береді. Нақты натурализм Золяның заманына бері тікелей ғылымның өзінен шығатын болған. Экспериментальды төңкерілген психология ауыр еңбекпен және маңдай термен, зерттеумен және тәжірибемен тұрғызылғандай. Флобер Золяның «Искушения» немесе «Саламбо» атты шығармасының табиғи бояуын табу үшін өз миының ретортынан Париждің Ұлттық кітапханасының екі мың кітабын өткізіп шықты; Золя өз романын бастаудан үш ай бұрын репортерлар тәрізді қолына жазу дәптерін ұстап, биржаларға барып деректер жинап, модельдерді суреттеу үшін дүкендер мен ательелерге барып жүрді. Мұндай әлемді көшірушілер үшін шындық дегеніміз – сұп-суық, есептеп шығаруға болатын, қолжетімді субстанция. Олар заттарға фотографтар тәрізді зор ынтамен, салмақтап, есептеп қарайды. Өнердегі мұндай сұп-суық ғалымдар өмірдің жекелеген элементтерін жинайды, әр салаға бөледі, араластырады, ары-бері қуады, сөйтіп өзіндік бір химиялық қосындылар мен ерітінділер дайындаумен айналысады.

Достоевскийдің көркемдік бақылау үдерісін таңғажайыптықтың аясынан бөліп ала алмайсыз. Егер де жоғарыдағылар үшін өнер дегеніміз – ғылым болса, Достоевский үшін ол – қара магия. Ол экспермиентальды химиямен айналыспайды, ол шындықтың алхимиясымен айналысады, астрономиямен емес, жандүниенің астрологиясымен айналысады. Ол салқынқанды зерттеуші емес. Өзінің құштар галлюцинациясымен ол демонның қорқынышты түсін көріп тұрғандай кейіпте өмірдің тереңіне көз алмастан үңіле қарайды. Содан да болар басқалардың белгілі бір тәртіппен көргенінен де, оның тарғыл-тарғыл кейіпте көруі әлдеқайда толыққанды болып тұрады. Ол деректер жинамайды, бірақ онда бәрі де бар. Ол ештеңені есептемейді, бірақ оның өлшемдері дәл шығады. Оның диагноздары, көріпкелдіктің жемістеріндей, қан тамырының соғысын ұстап көрмей-ақ ол құбылыстың шығу тегінің құпиясын дәл анықтай алады. Оның білімінде түс жорығыштық қасиет, ал өнерінде магиялық күш бар. Ол сыйқыршы сынды өмірдің түбіріне еніп кетеді де, оның мол да тәтті шырынын сорып алады. Оның көзқарасы қашан да өз болмысының тереңдігінен, демондық болмысының жүйкесі мен нервтерінен шығып, шындықты айта алу тұрғысынан, шынайылғы тұрғысынан барлық реалистерден асып түсіп жатады. Ол барлығын да ішкі жағынан таниды. Оның күллі ғаламды уысында ұстап қалуы үшін кішкене ғана ишара болса, жетіп жатыр. Бар ғалам оның кейіпкеріне айналуы үшін, сол ғаламға ол бір-ақ рет қараса жетіп жатыр. Оған көп суреттеп отырудың да қажеті жоқ, ежіктеп, созып та отырмайды. Ол ерекше бір сыйқырмен суреттейді. Бұл реалистің ұлы образдарын еске түсірейікші – Раскольниковтың, Алеша мен Федор Карамазовтардың, Мышкиннің образдары. Біздің санамызда олар әлі күнге дейін соншалықты айқын қалпында өмір сүріп келеді. Ол бұларды қайдан алады? Екі-үш жолға ғана сыйғызып, асығыс жаза салғандай етіп кескіндей қояды. Реплика тастағандай етіп олардың бет әлпеттерін төрт, бес фразамен сипаттап өтеді, сонымен бітеді. Адамды сипаттау үшін қажет болатын ең қажетті деректер ретіндегі сол адамның жасы, кәсібі, атағы, киімі, шашының түсі, мимикасы стенографиялық қысқалықпен беріле салады. Соған қарамастан осы образдардың әрқайсысы біздің қанымызда жарқырай жанып тұр. Магиялық осы реализмді нақпа нақ жүретін натуралистің дәл суреттемесімен салыстырайық. Золя жұмысын бастамас бұрын өз кейіпкерлерінің нақты каталогын жасап алады, олардың сыртқы белгілерінің формалық сипаттамасын ойлап табады (бұл құжаттарды қазір де көруімізге болады), романның табалдырығын аттайтындардың әрқайсысына паспорт жасайды. Ол кейіпкерінің бойының ұзындығын да соңғы сантиметріне дейін өлшеп, жазып қояды, тіпті кейіпкерінің неше тісі жоғына дейін біліп, бетіндегі сүйелдерін де санап шығады, сақалының қатты, жұмсақ екендігін білу үшін оны да сипап көреді,  бет терісіндегі безеулерін де айтып үлгіреді, тырнаған ұстап көреді, өз кейіпкерлерінің дауысын да, тыныс алысын да біледі, оларға мұраға не қалғанын да тексереді, кірістерін білу үшін банктегі есеп шоттарын да ашып көреді. Ол өлшеуге болатын нәрсенің бәрін де өлшеп алады. Алайда осы образдар қозғалысқа түсе бастаған сәтінде-ақ, олардың тұтастығы жоқ болады да кетеді, жасанды мозаика сынық-сынық болып мыңдаған бөлшектерге шашырап түседі. Олардың орынында тірі адам емес, бұлыңғыр бірнәрселер ғана қалады.

Олардың өнерлерінің қателігі де осында: француз натуралистері романдардан бастап адамның тып-тыныш қалпындағы күйінің дәлме дәл кескінін салып береді, тіпті олар әлдеқандай бір рухани ұйқыға кеткендей әсер қалдырады, сондықтан да бұл образдардың бет әлпеті өлген адамның бет-әлпетін айнытпай жасап қойған маскалар тәрізді болып тұрады. Бұлардан өлі фигураны көресің, одан тіршіліктің нышаны да білінбейді. Міне, осы натурализм аяқталатын жерден өзінің ауқымдылығымен-ақ үрей шақыратын Достоевский натурализмі басталады. Оның адамдары барынша арқасы қозып, көңіл күйдің айлапат жағдайында тұрғанда ғана икемді бола алады. Натуралистер жандүниені адамның денесі арқылы кескіндеуге тырысса, Достоевский адамның денесін оның жандүниесі арқылы жеткізеді: айлапат көңіл күй адамның кескінін өзгертіп жібереді, көздері жандүние азабын жеткізіп жасқа толып тұрады, буржуазиялық бейжайлық маскасы сыпырылып түскенде ғана, жандүние тұтқыннан арылғанда ғана оның образдары шын мәнісінде бейнелі болып шығады. Осындай сәтте оның кейіпкерлерінің буын-буыны босап, балқиды да, жандүниетанушы Достоевский оларды образдар ретінде сомдай бастайды.

Сөйтіп, Достоевскийдің барлық кейіпкерлері кездейсоқ емес, әдейі бұлыңғырланып, түсініксіз сипатта пайда бола бастайды. Оның романдарына қараңғы бөлмеге кіргендей кіресің. Көзге тек қараңдаған нәрселер ғана көрінеді, дауыстар да анық естілмей тұрады және оны кім айтып жатқанын да білмейсің. Тек біраздан кейін барып көз үйреніп, айнала айқындала бастайды, тек сонда ғана Рембрандтың картиналарындағыдай, қараңғы түкпірлерден жандүниенің жіңішке ғана белгілері құйылып, көзге шалына бастайды. Күңгірт кеңістіктен айлапат сезімдер құшағындағы адамдар шыға бастайды. Достоевскийдің суреттеуінше, адамдар көзге көріну үшін, олар еріп, балқып, жұмс ақ массаға айналуы керек, ал оның жүйкесі кәдімгідей үн шығару үшін, шегіне жете сымдай тартылуы керек. Оның денесі жандүниесінің төңірегінде жасақталады, ал образ тек қана айлапат сезімнің айналасында сомдалады. Тек енді ғана, яғни, осы бір адам таңқаларлықтай болып өртеніп тұрған шақтарында (Достоевскийдің барлық кейіпкерлері айлапат ішкі өртті кейіптеушілер ғой) оның демондық реализмі сахнаға шығады, енді ол кейіпкерінің әр қимылын аңдып, оның әрбір жымиған сәтін тап басып, бірімен бірі шым-шытырық болып жатқан сезімдердің ініне кіріп, кейіпкерінің санасындағы ойларының ізіне түсіп, бейсананың нұрлы патшалығына дейін жете алады. Әрбір қимыл икемділігімен ерекшеленіп, әрбір ойы мөп-мөлдір қалыпқа келіп, тығырыққа тірелген жандүние трагизмнің шырмауығына шырматылған сайын, ішкі өрттің жалыны оны сол ғұрлым айқын көрсетіп, ішкі мән жарқырай түседі. Ең бір қолға ұстауға келмейтін, бұл дүниенің арғы бетіндегідей болып көрінетін, ең бір жанды ауыртар, сыйқырлы да жанталасқан эпилептикалық жан азабы Достоевскийде клиникалық диагноз қойылғандай дәлдікпен, геомтериялық фигуралардың дәлме-дәл сызықтарындай үйлесімділікпен бейнеленеді. Қас-қағым сәттік бір де бір көрініс те, кейіпкерлерінің білінер-білінбес сәл-пәл қимылының өзі де оның ширыққан сезімінен таса бола алмайды: басқа суреткерлер үнсіз ғана өтіп кететін тұстардан, көз қарықтырар жарыққа қарай алмай, бұрылып кететін тұстардан Достоевскийдің реализмі ерекше айқындықпен көзге түседі. Адамның өз мүмкіндігінің шегіне жетіп, ал алған білімі ақыл азабына айналып, құштарлығы қылмыс сияқты көрінген осындай шақтары – оның романдарындағы естен кетпес көріністер болып табылады. Раскольниковтың образын еске түсіріп көрелік: біз оны көше кезіп жүрген немесе бөлме ішінде сенделіп жүрген, өзіндік бір сыртқы ерекшеліктері де бар жиырма бес жастағы студент-медик кейпінде көрмейміз, қолдары дірілдеп, маңдайынан суық тер шығып, көрмейтін көздерімен өзі әлгінде ғана өлтіріп кеткен адамның үйінің баспалдағымен көтеріліп келіп, құпия бір транс құшағында оның есігін қағып тұрғанын көріп, оның өз азабының рахатына тағы да бір шомғысы келіп тұрғанын сезінгенімізде, біздің көз алдымызға оның адасып кеткен құштарлығының драмалық кескіні келеді. Біз Дмитрий Карамазовты жауап алу кезінде үстелді жұдырықпен ұрғылап, жандүниесіндегі алапат сезім мен ызадан жарылайын деп тұрған кейіпте көреміз. Достоевскийде адамдар жандүниенің тек осындай ерекше жағдайға жеткен, сезім биігінің ең ұшар басына жеткен кезінде ғана көркем образға айналады. Леонардо өзінің керемет карикатураларында адам денесінің күлкілі де үрейлі, тіпті жарым жандықтың да шекарасынан шығып кететін кескіндерін беретіндігі сияқты, Достоевский де адамның жандүниесін шегіне жеткен, тіпті айлапат сезімнің адами мүмкіндіктің шегінен асып түсуге шақ қалып тұрған сәтін дәл тауып бейнелейді. Адамның орташа көңіл күйдегі қалпын ол жек көреді, мұндай тақтайдай үлесімділік оған ұнамайды: оның көркемдікке деген ұмтылысын тек ерекше, жартылай жасырын тұрған, демондық жағдайдағы көңіл күй ғана қанағаттандырып, реализмнің шыңына жеткізе алады. Ол – көңіл күйдің ерекше жағдайларын кескіндеудің теңдесі жоқ шебері, ішкі әлемінің азабына түсіп, өзімен өзі алысқан жандүниені суреттеудің бұрын-соңды өнер ғаламы естіп-білмеген ұлы анатомы.

Достоевскийдің адам болмысының тереңдігіне бойлап кетуіне мүмкіндік беретін құпия құралы – сөз. Гете барлығын да көзден көріп тұрғандай суреттейді. Ол өзінің бұл ерекшелігін басқалардан әлдеқайда ұтымды түрде айқындап берді; Вагнер – көзбен көрудің адамы; Достоевский – құлақпен естудің адамы. Ол өзінің кейіпкерлерінің сөзін жұрттың бәрінен бұрын естуі керек және оқырманның бәрін де көзбен көріп отырғандай әсерде болуы үшін автор оларды сөйлеуге мәжбүрлей алады; Толстойдың кейіпкерлерінің дауысын біз ести аламыз, өйткені оларды көріп отырамыз, ал Достоевскийде біз оларды көріп тұрамыз, өйткені дауыстары естіліп тұрады. Оның адамдары үнсіз қалыпта тұрғанда көлеңке сияқты, елес күйінде тұрады. Ал сөз – оларға жан бітіретін таңғы шық: тек сөз ғана олардың құпия құлыптарын ашып береді, тек сөз арқылы олар бейне бір қиял-ғажайып гүлдердей өздерінің бар бояуларын, тұқым шашар қасиеттерін көрсетеді. Бір-бірімен сөз таластырған шақта олар қыза-қыза жандүниенің қалғып-мүлгіген қалпын серпіп тастайды, ал Достоевскийдің көркемдікке деген құштарлығы да осындай сергек те сезімтал адамдарға бағытталған. Ол сөзді кейіпкерлерінің жандүниесінен суырып алады, ондағы мақсаты – жандүниенің өзін ұстап алу. Достоевскийдің психологиялық жағынан адам сенгісіз көргіштігі – адам сенгісіз есту қабілетінің сипатындай. Әлем әдебиеті Достоевский кейіпкерлерінің ғажайып оралымды сөздерінен асып түсетіндей дүниені бұрын-соңды көрген жоқ. Сөздердің орналасу тәртібі өзіндік символға айналған, сөйлем құрылысы да өзіндік мінезге ие, кездейсоқ ештеңе жоқ: әрбір буын да, әрбір дыбыс та дәл сол тұс үшін асқан қажеттілік болып тұрады, әрбір пауза, әрбір сөз қайталау, әрбір дем, әрбір күбір-сыбыр аса маңызды; айтылған сөздің соңын ала әлсіз бір жаңғырық естіліп тұрады, – бұл ішкі әлемдегі көзге көрінбес құйылыстардың толқындануының дыбысы. Достоевский кейіпкерлерінің сөзінен сіз олардың нені айтқанын ғана емес, нені айтқысы келгендігін ғана емес, нені айтқысы келмегендігін де біле аласыз. Сезімтал жандүниенің осындай ұлы реализмі сөздің күллі құпия жолдарында – мас адамның желімдей жабысқақ, былғаныш сандырағында да, қояншығы ұстаған шақтағы өзінен өзі қанаттанып, ентіге айтқан сөздерінде де, өтірік айтудың ми-батпағында да бірге жүріп отырады. Қайнап жатқан сөздің буынан жандүние өмірге келіп, сол жандүниеден бірте-бірте мөлдіреп дене пайда бола бастайды. Достоевский романдарында буалдыр сөздер арасынан, түтіндеген сөйлемдердің бас айналдырар әсерінің арасынан сөйлеп тұрған адамның дене бітімі көріне бастайды. Басқалар образды мозаикамен, бояумен, суретпен кескіндейді, ал оның образдары – қоюланған сөздер. Достоевский адамдарының сөзін тыңдасаң, олардың көріпкелдігі туралы қиялға берілесің. Достоевский оларды графикамен кескіндеуді қажет етпейді: сөздің сиқырымен біз өзіміз жандүниетанушыға айналамыз. Мысалы келтірейін. «Нақұрыста» тумысынан өтірікші қарт генерал князь Мышкинмен қатар келе жатады және оған өзінің естеліктерін айтып, пікір алысып келе жатады. Ол өзінің өтірігін бастайды, тереңдей-тереңдей ақыры өз өтірігіне өзі шырматылады. Сонда да тоқтамастан айта береді, айта береді, айта береді. Оның өтірігі парақ-парақ болып жазыла береді. Достоевский тек генералдың ғана сөзін келтіріп отырған, бірақ оның сөйлеу мәнері, сөз арасындағы тынысы, сөйлеген кездегі бей-берекет асығыстығы жалпы көріністі толымды етіп шығарады: мен оның Мышкинмен қалай қатарласып келе жатқандығын, өтірік сөздерін үйлестіре алмай қалай шатасқанын, өзінің сөзіне князьдың сенген-сенбегендігін байқау үшін көзінің қиығымен оған қалай көз тастап қоятындығын, князь өзінің сөзін бөліп жіберсе екен деген үмітпен қалай кідірістегендігін көріп тұрмын; мен оның маңдайынан шып-шып тер шыққанын да, әңгімесінің басын сондай бір шабытпен бастап, енді өз өтірігін өзі түйіндей алмай үрейден түсі бұзылып кеткендігін де көріп тұрмын; мен оның ауыр соққы күткен ит сияқты қалай бүктетіле бастағанын да және генералдың бұл жағдайының әсерінен өзін де әлдеқандай бір ауырлық басқанын сезінген князьдың оны басып тастауға тырысқанын да көріп тұрмын. Ал бұл туралы Достоевский қай жерде жазды? Ешбір жерде жазған жоқ, бір жол да жазған жоқ, соған қарамастан мен оның бетіндегі әрбір әжімді соншалықты айқын көріп тұрмын. Сөзінің кей жерінде, дауысының кейбір екпінінде, буын құрастыруында оның жандүниетанушылығының сыйқыры қылаң береді; оның өнері соншалықты сыйқырлы, тіпті бөтен тілге аударғанда кей сөздер оралымсыз болып тұрса да, оның кейіпкерлерінің жандүниесі өзінің оралымды қалпын жоғалтпай, еркін қалықтап жүреді. Достоевский кейіпкерінің барлық сипаты – оның сөздерінің екпінінде. Және осылайша қоюлана сипатталуы әдетте оның қандай да бір кішкене ғана детальды ұлылықпен сезіне алып, соны бір ғана сөзбен жеткізуі арқылы жүзеге асып жатады. Федор Карамазов Грушенькиге арналған конверттің сыртындағы оның аты жазылған тұсқа «және балапанға» деп қосып қойғанда, көз алдыңа кәрі сайтан елестейді, оның шірік тістерінің арасынан сілекей аққан мысқыл үйірілген еріндерін көресің. «Өлі үйден жазылған хатта» қанішер поручик таяқпен құлаштап ұрып жатып, «соқ, соқ» деп ызалана айқайлап та тұрады, осы бір ауыз сөзге оның барлық сын-сипаты, сұмдық көрініс, өршелене түскен демі, қанталап кеткен көзжанары, қып-қызыл боп, өртеніп тұрған беті, ұрған сайын рахаттана ышқынған демі сыйып тұр. Достоевскийдегі осындай кішкентай ғана шынайы көріністер қармақтың өткір күршіктеріндей сезімге еніп кетеді де, өзгенің уайым-қағысына тартып әкетеді, бұл – Достоевскийдің ең бір керемет көркемдік тәсілі, сонымен бірге, жоспарлы натурализмнен басым тұратын интуитивті реализмнің салтанат құруы. Алайда Достоевский бұл детальдарды бей-берекет қолдана бермейді. Басқалар мұндайдың жүзін қолданатын жерге, ол біреуін ғана алады, есесіне қас шындықтың кішкене де болса осындай қатал детальдарын аса бір дәлдікпен жинақтайды және соның өзімен ойламаған жерден сезім шыңына бір-ақ шығарады. Сөйтеді де сол сезімге ол қатігез қолымен қара жердің бір тамшы зәрін төге қояды: оның ұғымында шыншыл әрі адал болу дегеніміз – антиромантикалық және антисентиментальды түрде әрекет ету. Достоевскийдің өз қарама-қайшылықтарының тұтқыны ғана емес, соны насихаттаушы да екендігін бір минутта естен шығармау керек. Сол арқылы ол өмірдің екі қырын, яғни, өмірдің ең қатыгез, жалаңаш та сұп-суық және лас шындығын ең қасиетті де биік армандармен жымдастыра өріп көрсетуге деген ерекше құштарлыққа ие. Ол біздің қара жердің бетінен тәңірлік қасиетті сезінгенімізді, ал шынайы өмірден – қиял-ғажайыптықты, асқақтықтан – қарапайымдылықты, рухтың мейірбандылығынан – тұзды тіршілікті сезінгенімізді қалайды. Ол өзінің қам көңілі қандай қос қырлы болса, біздің рахат өміріміздің де сондай қос қырлы болғанын қалайды; ол бұл мәселеде де үйлесімділік пен тақтайдай жылмағайлықты көргісі келмейді. Оның барлық шығармаларында да осы өткір қос қырлылық бар: өз талдауының таңғажайып дәлдігімен ол ең бір асқақ сәттерді бейнелейді, сол арқылы өмірдің ең қасиетті жақтарын іш пыстырарлық тірлік ретінде көрсетеді. Контрасттың осы сәтін кескіндеу үшін мен «Нақұрыстың» ең бір қасіретті тұстарын естеріңізге салайын. Настасья Филипповнаны өлтірген соң Рогожин өз інісі Мышкинді іздей бастайды. Ол оны көшеже кездестіреді де оны шынтағынан түртеді. Олардың бұл жөнінде бір-бірімен тіл қатысуының қажеті шамалы, өйткені айтса сенгісіз сұмдық бір сезімталдықпен олар бір-бірінің не айтпақ болғандарын алдын ала сезіп отырады. Екеуі көшенің екі жағымен өлік жатқан үйге қарай келе жатады. Олар көңілдерін билеген шексіздік пен салтанаттылыққа еміне түсіп, айналадан әлдеқандай бір әуенді де естігендей. Өмірде бір-біріне жау, ал сезімталдық жағынан бір-біріне етене жақын екеуі өлік жатқан бөлмеге кіреді. Настасья Филипповна өіл жатыр. Бұлар өлген әйелдің қасында тұрған дәл осы сәттерінде ғана бір-біріне бәрін де ақтарып айта алатындай. Міне, әңгіме де басталды – осы бір тыр жалаңаш, дөрекі, өртеніп тұрған жандүние материясы көктің өзін күйдіріп жіберердей. Олардың бар әңгімесі өліктің иісі шығып тұра ма деген мәселе ғана. Рогожин «өлікті америкада жасалған жақсы клеенкамен» жапқандығын және қасына «төрт құты жданов сұйықтығын» қойғандығын ерекше бір іс тындырғандай баяндайды.

Бұл тұста Достоевский әлемін еске түсіруіміз қажет. Ол, әлеуметтік тұрғыдан алғанда, – жадау-жыртық өмірдің күл-қоқысының маңынан ұзай алмаған, кедейлік пен қырсық тірліктің шырмауындағы адам. Достоевский (антисентиментальды ғана емес, ол – антиромантик) өз шығармаларындағы оқиғаларды саналы түрде осындай сүреңсіз ортаға алып барады. Лас подвалдар, сыра мен арақ сасыған, қапырық та табыттай тар, ағаш кедергілермен бөлінген бөлмелер; ол ешқашан салондар мен отельдер, салтанатты сарайлар мен кеңселер туралы айтпайды. Және оның кейіпкерлері де сырттай қарағанда тартымсыз: чахоткамен ауыратын әйелдер, кедей студенттер, жұмыссыздар, арамтамақтар, яғни, әлеуметтік ортада қандай да бір мән-маңызға ие бола алмағандар. Міне, оның дәуір туралы трагедиясы осындай ортада суреттеледі. Түкке алғысыз бірнәрселерден асқақ дүние өмірге келеді. Оның шығармаларында осындай сыртқы тұрпайылық пен ішкі масаң жандүние, жоқшылық пен далбасалаған жан-жүректің ақ пен қарадай қарама-қарсылығы асқан шеберлікпен суреттеледі. Трактирдегі мас адамдар үшінші патшалықтың басталғандығы туралы айтып жатады, қасиетті – Алеша – өзінің тізесінде отырған жеңіл жүрісті әйелдің терең мәнге ие аңызын тыңдайды, ойынханалар мен көпшілік баратын үйлерде апостольдық қайырымдылық істері жүріп жатады, сондай-ақ «Қылмыс пен жазаның» ең бір әсерлі тұсы – кісі өлтірушінің адамзаттың қасіреті алдына келіп маңдайын жерге соғып құлайтын тұсы, тұтұқпа тігінші Капернаумовтың үйінде жезөкшелер ойыны көрсетілетін тұсы жүріп жатады.

Оның алапат сезімі тоқтауы жоқ ыстық, кейде мұздай суық, бірақ, әйтеуір, жылы деуге келмейтін Апокалипсис рухындағы тасқын тәрізді, сол тасқын өмірдің бетіне қан жүгіртіп тұрғандай. Ақын асқақтық пен болбыр тірлікті бетпе бет келтіріп, лапылдап тұрған сезімді бір толғаныстан екінші толғанысқа лақтырады. Сондықтан да Достоевскийдің романдарын оқып отырып тыныштық таппайсың, жанға жайлы әуен ырғағын да таппайсың, романды оқып отырған сенің бір қалыпты тыныс алып, бей-жай отыруыңа мүмкіндік бермейді – оқып отырып, электр қуатының үстінде отырғандай олай-бұлай қозғалақтаумен боласың, күйіп бара жатқандай мазаң кетіп, бұдан арғысын тезірек білгің келіп, ұмсына түсесің. Оның поэтикалық қуатының ықпалында отырған кезде біздің өзіміз де оған ұқсап кетеміз. Өзімен өзі қашан да қайшылықта жүретін, бей-берекеттік кресіне шегеленген өзінің де, өзінің кейіпкерлерінің де, оқырмандарының да сезімдеріндегі белгілі бір жүйелілікті тас-талқан етеді. Бұл оның шығармашылығының мәңгілік ерекшелігі болып қалды, мұны, бірақ, оның өзіндік «техникасы» деп айтуға да келмейді, өйткені бұл өнер Достоевскийдің тұлғалығынан, оның өрттей лаулаған сезімдерінің бей-берекеттігінен бастау алып жатыр. Оның әлемі – хас шындықтың өзі және құпияның құпиясы, көз алдындағы болмыстың көріпкелі, әрі ғылым, әрі магия. Түсініп болмайтын нәрсең түсінікті болып шыға келеді, сондай-ақ, ең түсінікті нәрсе жұмбаққа айналып жүре береді; проблемалар мүмкіндіктің шегінен асып төгіліп жатады, бірақ ешқашан өз қалыбынан шығып та кетпейді. Қиял-ғажайып әрі шынайы детальдар оның образдарын бұрын-соңды құлақ естімеген қуатпен кәдімгі адамдар етіп бейнелейді, олардың ешқайсысы да елес әлеміне айналмайды. Достоевский өз кейіпкерінің мәнінің ең нәзік жүйке тамырының ең соңғы өрімдеріне дейін ерекше бір көріпкелдікпен сезініп отырады; ол кейіпкерімен бірге оның қиял теңізінің түбіне дейін түсіп кетеді, оның асқан құштарлық сезімінің жанталасына еніп, масаң күйін де бастан кешіреді; жандүние субстанциясы тербелісінің бір де бірін ол қалт жібермейді. Ол өнерге тұтқын болғандарды шыр айналдыра психологиялық шынжыр құрып тастайды. Ол психологиялық тұрғыдан адасып та кетпеген, қандай да бір көмескі түйін оның көріпкел логикасының алдында ап-айқын болып шыға келеді. Оның ішкі шындығында бір де бір қателік те, бір де бір қайшылық та жоқ. Ол ақыл-ой мен көріпкелдіктің заңғар да мызғымас көркем ғимаратын тұрғызып береді. Порфирий Петрович пен Раскольниковтің диалектикалық жекпе-жегі, қылмыс архитектоникасы, Карамазовтардың логикалық шырғалаңы – мұның бәрі керемет ақыл-ой архитектоникасы, математика сияқты дәлме-дәл, көңілді мас қылатын әуен. Ақыл-ойдың асқақ қуаты мен көңіл көзінің өткірлігі дәл осы жерде жаңа шындықты, адам рухы бұрын-соңды көріп-білмеген тереңдікті өмірге әкеледі.

Десек те сұрақ жауапты талап етеді, яғни, өмір шындығының әдеттегіден тыс толыққандылығына қарамастан, Достоевскийдің өте қарапайым шығармашылығы бізге біздің әлеміміз емес сияқтанып, бірақ, әйтеуір, сол әлемімізбен қатар немесе оның үстінде орналасқандай біртүрлі әсер ететіндігінің себебі неде? Біз оны жандүниемізбен сезінсек те, оған жат сияқты болып тұратындығымыз неліктен? Неліктен оның барлық романдарында әлдеқандай бір жасанды жарық жанып тұрғандай және сол жарықтың кеңістігі, яғни, елес сияқты кеңістігі көрініп тұрғандай әсер береді? Бұл шектен шығып кеткен реалист бізге шындықты бейнелеуші емес, сомнамбула (айкезбемен ауыратын адам (лунатик) сияқты көрінетіні несі? Өрттей боп алаулап тұратындығына қарамастан неге біз одан күн қызуындай жылылықты емес, қанталап кеткен әрі көз қарықтырып, жанды ауыртар солтүстік шұғыласын сезінгендей боламыз? Өмірдің осындай шексіз шындығын біз өмірдің өзі ретінде, өзіміздің өміріміз ретінде қабылдай алмайтындығымыз неліктен?

Мен бұл сұраққа жауап беруге тырысайын. Достоевский ең үлкен өлшемге лайық және оның туындыларын әлемдік әдебиеттің салыстырмалы түрдегі ең асқақ, ең өміршең туындылары деп бағалауға болады. Мен үшін Карамазовтар трагедиясы Орестей шырғалаңынан, Гомердің эпосынан, Гетенің өр сипатты шығармаларынан бір де бір кем емес. Бұл шығармалардың қай-қайсысы да әлдеқайда қарапайым, аңғал, тіпті Достоевский шығармаларындай өміршең де емес. Бірақ бұлар жұмсақтау, жанға жайлы, сезім еркіндігіне жол ашады, ал Достоевский тек танымдық тұрғыдан келеді. Меніңше: олар осындай сезім еркіндігіне оның өте адамилығы үшін емес, жай ғана адамилығы үшін қарыздар. Олар нұрлы аспанның, кең дүниенің, көкорай шалғын мен кең даланың қарбалас тірліктен бой тасалап, шаршаған сезімдеріне демалыс беруге болатын ғажайып құшағында. Гомердің соғыс пен қанды қырғынының арасынан теңізден ескен ашқылтым лепті сезінесің, Элладаның қанды мекен үстіндегі күміс сәулесінің шұғыласын көресің, соны көріп, заттардың мәңгілік мәнімен салыстырғанда адамдар күресінің мөлдір екендігін танып, жұбаныш сезіміне бөленесің. Сөйтіп адамзат қасіретінің шешімін тапқандай болып, терең тыныс аласың. Табиғатпен бетпе бет келгенде, ерекше әсермен ғаламдық көктемге ұмтылғанда оның жан азабы тарқайтын Жарқын Жексенбі Фаустта да бар. Бұл шығармалардың барлығында да табиғат адамды адами әлемнен ажыратып алады. Ал Достоевскийде ландшафт та, арнайы өлшем де жоқ.

Оның ғаламшары – әлем емес, тек адам ғана

Ол әуенге саңырау, суретке соқыр, ландшафтарға селсоқ: оның адамды тануының теңдесі жоқ шексіздігі – табиғатқа деген, өнерге деген өлшеусіз селқостығының қайтарымындай. Зиянкестік пен толымсыздық тек адамға ғана тән. Оның құдайы заттарда емес, тек қана жандүниесінде; онда неміс және эллада шығармаларына жұбатқыш және мақұлдағыш қабілетті жеткізіп отыратын пантеизмнің аса қымбат бағалы тұқымы жоқ. Достоевскийде оқиғаның бәрі ауасы тар бөлмелерде, лас көшелерде, ап-ауыр адами, тіпті өте адамиланып кеткен, түтінге тұншыққан кабактарда өтіп жатады; оның шығармаларында жан сергітер самал жел де, ауысып отыратын жыл мезгілдері де жоқ. Есіңізге түсіріңізші: оның ірі шығармаларында – «Қылмыс пен жазада», «Нақұрыста», «Карамазовтарда», «Жасөспірімде» оқиға жылдың қай мезгілінде және қай жерде өтеді? Жазда ма, күзде ме, әлде көктемде ме? Бәлкім, бұл туралы олардың бір жерінде айтылған болар? Жоқ, сіз ондайды сезінген жоқсыз. Иісін де байқай алмайсыз, көзбен көре де алмайсыз, түйсіне де алмайсыз, ол туралы толғана да алмайсыз. Оның оқиғалары жүректің әлдеқандай бір бұлыңғыр тұсында, танымның ауық-ауық жарқ ете қалатын найзағайларында, мидың жұлдыздары да жоқ, гүлдері де жоқ ауасыз кеңістігінде, тым-тырыс тыныштық пен үнсіздікте өтіп жатады. Үлкен қаланың көк түтіні олардың жандүниелерінің аспанын тұмшалап алады. Олардың адамилықтан арылуы үшін тірек нүктесі қажет; олар өз назарын өзінен және өзінің кешіп жүрген бейнеттерінен сезімсіз де енжар әлемге аударғанда адамға ең құнды болып саналатын ғажайып қуат күшіне ие бола алмайды. Бұл – оның кітаптарындағы көлеңке: ол өз образдарын жоқшылық пен түнектің сұп-сұр қабырғасынан ойып алатындай, оған еркіндік пен ұғынықтылық жат, олар шынайы өмірдің дөңгелегінде емес, шексіз сезімнің жетегінде шыр айналып кетіп бара жатқандай. Оның аясы – табиғат емес, оның аясы – жандүние әлемі, оның әлемі – тек қана адамзат.

Бірақ оның адамзаты да – әр адамы қаншалықты шыншыл болғанымен, логикалық организмі қаншалықты қатесіз болғанымен – тұтастай алғанда, табиғи еместігі өзінен өзі белгілі: оның образдарына әлдеқандай бір мөлдірлік тән, олардың әрбір қадамы көлеңкелердің қадамдары секілденіп, кеңістіктен тыс жатады. Бірақ бұл оларды шындыққа жанаспайды деген сөзім емес. Достоевскийдің психологиясында мін жоқ, бірақ оның адамдары оралымды емес, өйткені олар көңілдің шабытты шағында зерттелген және сезінілген: олар жандүниеден ғана тұрады, оларда дене жоқ. Достоевскийдің кейіпкерлерін белгілі бір күйге ауыса бастаған немесе ауысқан сезім ретінде ғана білеміз; бұлар – жүйке мен жандүниеден ғана тұратын әлденелер, оқып отырып, олардың да өн бойында қан айналысы бар екендігін, олардың да бойларында жылу бар екендігін ұмытып кетесің. Оның жиырма мың беттік шығармаларының ең болмаса бір жерінде қандайда бір кейіпкерінің қалай отырғандығы, қалай тамақ шіп-жейтіндігі туралы бір ауыз сөз айтылмаған: олар тек қана сезіне алады, сөйлейді және тынымсыз күрес үстінде. Олар ұйықтамайды да (тек кейде көріпкелдік жетегінде отырып, қиялға беріледі), демалып та отырмайды, олар қашан көрсең де жанталасып, әлде не туралы басы қатып ойланып жүреді. Олар өсімдіктер сияқты, аңдар сияқты ешқашан қалғымайды да, – олар үнемі қозғалыс үстінде, қашан да ерекше шабыт құшағында, жүйкелері қашан да сымдай тартылған және қашан да ояу. Тіпті ояудан да ояу: олар қашан да өз болмысының ең асқақ шақтарында жүреді, Олардың бәрі де Достоевский жандүниесінің алыстан көргіштік қасиетіне ие болған, олардың бәрі де көріпкел, ойыңды да оқып қояды, жандүниетанушылар, бәрі де – пификалық адамдар және бәрі де болмыстың ең тереңдегі ең соңғы нүктесіне дейінгіні біліп отыратындай психологиялық білімге қаныққан. Кәдімгі, қарапайым өмірде адамдардың көпшілігі – мұны әрдайым есте сақтау керек – бір-бірімен де, өз тағдырымен де дауласады да жүреді, өйткені олар бірін бірі түсінбейді, өйткені олар бәрін де күйкі тірліктің өлшемімен өлшейді. Адамзаттың тағы бір данышпан психологы Шекспир өз трагедияларының жартысын адам мен адамның арасындағы аса қауіпті жағдай болып саналатын осындай тумысынан бір-бірін түсінбеушілік мәселесінің төңірегіне, осы бір қараңғылықтың тас табанына құрады. Лир өзінің қызына сенбейді, өйткені оның мейірімділігіне, ұялшақтығының арғы жағында жатқан зор махаббатына күмән келтірмейді; Отелло болса Ягоны таңдайды; Цезарь өзін өлтіретін Брутты сүйеді, – бұлардың бәрі де адам әлемінің нағыз табиғи қалпының ықпалында, яғни, адасып жүргендер. Шекспир үшін, өзіміз көріп жүрген күнделікті өмірдегідей, түсініспеушілік пен табиғилықтың жетілмегендігі оның трагизмінің өндіргіш күші, барлық қақтығыстарының қайнар көзі болып табылады. Бірақ Достоевскийдің кейіпкерлері – бәрін де білетіндер, тіпті адам айтса сенгісіз – оларда түсінбей қалушылық деген болмайды. Олардың әрбіреуі екінші біреудің ішкі әлемін білетіндігі соншалық, тәңір дерсің, олардың бір-бірімен түсінісе қалатындығында да шек жоқ – бір-бірінің көңіл түкпірін көріп отырады, тіпті бір-бірінің айтайын деп отырған сөзін ол айтпай тұрып-ақ біліп отырады, ал не ойлап отырғандығын сезімнің туа бітті құдыретімен біліп отырады. Олар бірін-бірі алыстан сезініп, бір-бірінің көңілі не қалайтынын алдын ала біліп отырады, олар ешқашан бір-біріне ренжіп те қалмайды, тіпті олар ешқашан ешнәрсеге таңқалмайды да, әрқайсысы ерекше бір құпия сезімталдықпен екіншісінің жандүниесін қолына ұстап отырғандай тап басып танып отырады. Олардың бейсанасы (подсознание) айрықша дамыған; олардың барлығы да пайғамбар тәрізді, бәрі де көріпкел, бәрі де жандүниетанушы.Достоевский олардың бәрін де өзінің болмыс пен танымды іштен көре алатын таңғажайып ерекшелігімен жасандырған. Мұны түсіндіру үшін мысал келтірейін. Рогожин өлтіреді. Настасья Филипповна оны алғаш көрген сәттен бастап-ақ, оған деген шексіз махаббатын сезінген әрбір сәттің үстінде-ақ ол оның өзін өлтіретінін білді; оның одан қашқанының себебі де осы еді, ал қайтып оралғандығы – өз тағдырының бәрібір дәл солай болатындығын біліп, маңдайға жазылғанға өзі ұмтылуы. Ол тіпті өзінің кеудесіне сұғылатын пышақтың да қандай екендігін біліп жүрді. Оны Рогожин де білді, бұл оның өзіне де, Мышкинге де таныс пышақ еді. Бірде Мышкиннің осы пышақты олай-бұлай лақтырып ойнап отырғанын көргенде оның қорыққаннан еріні дірілдеп кетті. Сондай-ақ Федор Карамазовты өлтіргенде де басқалардың біле алмайтындығын бұлардың бәрі алдын ала біліп отырды. Қарт тізерлеп құлайды, өйткені қылмыс жасалатынын сезіп қалды; тіпті күлегеш Ракитин де мұндай белгілерге қарап болатын оқиғаны алдын ала сезіне біледі. Әкесімен қоштасып тұрып Алеша оны иығынан сүйеді, өйткені оның сезімі әкесін енді қайтып көрмейтіндігі туралы хабар жеткізді.Ал Иван қылмыстың куәгері болудан қашып Чермашнияға кетіп қалады. Ылғи лас жүретін Смердяков қылмыс жасалатындығын оған қарап жай жымиып қана алдын ала сездірген еді. Бұлардың бәрі де пайғамбардай сезімталдықпен, өздерінің табиғи қалыпқа сыймайтын сан қырлы қасиеттері арқылы қылмыстың қай күні, қай сағатта, тіпті қай жерде болатындығын да алдын ала біліп жүрді. Бұлардың барлығы да пайғамбарлар, бұлардың барлығы да бәрін де алдын ала біліп жүретіндер, көрегендер.

Осы тұста психологиямыздағы кез келген шындықтың суреткер үшін екі жақты болатындығына тағы да көзіміз жетеді. Достоевскийдің адамның ішкі әлемін білетіндігі оған дейінгілердің бәрінен де асып түскенімен, Шекспир адамзатты білетіндігі тұрғысынан одан да асып түседі. Ол тұрмыстың бір текті болмайтындығын білді, қарапайым, бір-бірінен айырымы жоқ жағдайларды ол өте ауқымды мәселелермен қатар қояды, ал Достоевский әрбір адамның өзін шексіздіктің ауқымында көрсетеді. Шекспир әлемді қолға ұстап көргендей көреді, ал Достоевский рух кейпінде таниды. Бәлкім, оның әлемі ғаламның нағыз галлюцинациясы болар, жандүние туралы терең де ұлы түс шығар, бәлкім, шындықтан да асып түсетін түс шығар, – бұл өзінің шекарасынан шығандап шығып, қиял-ғажайыптыққа жететін реализм. Достоевский – қандай да бір шектеулердің бәрінен де асып кеткен реалист: ол шынайы көріністі кескіндеген жоқ, ол оны төбесіне көтерді.

Оның ғаламды көркемдеп кескіндеуі, яғни, бұл ғаламның бір-бірімен іштей байланысуы және бұл ғаламның тағы да сол іштен тарқатылып, іштен шешімін табуы тек қана жандүние арқылы көрсетіледі. Өнердің бұл ең терең, ең адами түрі Ресейдің де, әлемнің басқа бір елінің де әдебиетінде бұрын-соңды болмаған. Шығармашылықтың бұл түрі тек қана баяғыда өтіп кеткен шақтармен туысқандық байланыста. Оның талма ауруды және басқа түскен азапты бейнелеуі кейде грек трагиктерін, яғни, адамдардың тағдыр тақсіретімен азап шегуін еске түсіреді; мистикалық, қара тастай салмақ салып, арылмай қоятын жан азабы кейде Микеланджелоны еске салады. Бірақ оған өзінің туған бауырындай болып ғасырлар қойнауынан Рембрандт қол созады. Бұлардың екеуі – де жайлылықтан жұрдай, бейнеті көп, бостандығы жоқ, бірінен бірі безген, байлықтың қызғаншақ қарауылдары адам болмысының ең терең шыңырауына қуып тығатын шынайы өмірден келгендер. Бұлардың екеуі де қарама-қарсылықтың шығармашылықтағы мәнін жақсы біледі, қараңғы мен жарықтың мәңгілік бәсекелестігін де, қарабайыр тұрмыстың тіршілігінен биік тұратын жандүниенің қасиетті сұлулығынан асқан сұлулықтың жоқ екенін де біледі. Орыс шаруалары мен ойынқұмарларынан, қылмыскерлерден Достоевский қандай қасиетті кейіпкерлер жасақтаса, Рембрандт өзінің библиялық кейіпкерлерін бұрыш-бұрыштан тауып алған модельдерінен өз кейіпкерлерін кескіндеп шығады; бұл екеуі үшін өмірдің ең бір төменгі сатыларында әлдеқандай бір жұмбақ сұлулықтар жатады, екеуі де өз пайғамбарларын өмірдің ең алыс түкпірінен табады. Қара жердің бетіндегі мәңгілік күрес туралы, қара күші жағынан да, рухани күші жағынан да бір-бірімен ит жығыс болып жататын жарық пен қараңғылық туралы да жақсы біледі: екеуінде де өмірдің ең соңғы шала-жансар ала көлеңкесінен жарқ еткен сәуле пайда болады. Егер де Рембрандтың суреттеріне және Достоевскийдің кітаптарына тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, олардан ғаламдық және рухтық форманың ең соңғы құпиясы – күлліадамзаттық құпия ашылады. Жандүние алғашында ап-анық форманы, күңгірт шынайы өмірді байқайтын болса, тереңірек үңіле түссе, жап-жарық сәулені көрер еді, ал бұл – болмыстың ең соңғы кескінін азаптың шеңберімен орап алатын қасиетті шұғыла.

1920 ж.

Орысшадан аударған Оңайгүл Тұржан

Айдын БАЙЫС
С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің

І курс студенті.

ОТАН

Жігер шоғын жаныма тастап атың,

Керіледі кереге жас қанатым.

Жүрегімнің дүрсілі – өз дүбірің,

Отаным, ошағымнан басталатын.

Қылышпенен кіндігін кескен ердің,

Айбыныңа өр-асқақ дес берер кім?!

Қуат беріп, зұлпымды аймалайды,

Сайын дала самалы ескен еркін.

Қалың елің – қазақтың бесігісің,

Айқара ашып көңілдің есігін шын.

Ынтымақтың ынтығы өзің болдың,

Қазаныңнан сарқылмай еш ырысың.

Жазиралым, жезқанат қыран дер ем.

Құшағыңа даланы ап ұлан көлем:

көсілгенсің Алтайдан – Гирканға дүр,

Тәңіртаудан жалғасып Тұранменен.

Сен дегенде тамырға от байладым,

Тылсым мейір ұлыңның өпті айдарын.

Марқаймайын мен қалай тұрған кезде

Жанарыңда желбіреп көк байрағым?!

Тұяқтары талықпай тарпаң елдің,

Құт-қадірі қашпайды дарқан белдің.

Отан деген ұранды үн естілсе,

Күдірейіп кетеді арқам менің.

Жігер шоғын жаныма тастап атың,

Керіледі кереге жас қанатым.

Жүрегімнің дүрсілі – өз дүбірің,

Отаным, ошағымнан басталатын!

Ертерек «есейткен»

алтыным

Кезі ме алаңсыз он жастың,

Сезіммен қауышқам алғашқы.

Сезім деп сері де болмас кім?!

Ойыным өзіңмен алмасты.

Жиырма, жо-жоқ он сегізде,

Шамасы, сірә да, жасыңның.

Қиырсыз қап-қара теңізбен,

Үйлесіп қарасы қасыңның,

Үйлесіп қарасы шашыңның.

Ішімде бір сезім түйсініп,

Өзің деп өлеңін төгетін.

Танадай көзіңе сүйсініп,

Таңырқау күндерім өтетін.

Ұрланып қараймын қайта, көп,

Қызғанып төнеді Күн дейтін.

Жүрекпен сырымды айтар ем –

Бала едім тіліңді білмейтін.

Отырам «амалым нешік!» дей,

Сөз төккім келетін екпіндеп.

Ертеңгі рауаннан кешікпей,

Ертерек есейіп кеткім кеп.

Есейгім келетін бір түнде,

Келісті жігіт боп азиат.

Мен үшін арналып күлкің де,

Қылықтым, қызартып наз, ұят.

Қазақы мейлі де салтты үзіп,

Бағыма балаумен, теңіме,

Басыңа орамал тартқызып,

Жетектеп қайтар ем еліме.

Құдайым сүюге ерінін…

Қимады тәттісін шақтардың.

Жүректе тек енді керімім,

Сүйкімді сурет боп сақталдың.

Он сегіз толған-ды тек бүгін,

Кешігіп сәруар сәттерден.

Еске алам: – Басқасы, -деп, – күнім,

Қолымнан келмейді әттеңнен.

Саған ше, отыз ба, шамасы?

Жасыңнан жаңылдым, жарқыным.

…Қойшы оны, басқалар санасын,

Ертерек«есейткен» алтыным.

Киелі қара шаңырақ

ҚазАТУ-ға 55 жыл

Ұранды үнің мамырлап,

Жайқалдың терең тамыр ап,

Жайғастың ілім төріне

Киелі қара шаңырақ.

Уығың – емес қыдырған,

Нықтығын әлем ұғынған.

Ұшырдың талай түлекті

Тектілік дейтін тұғырдан.

Дештінің дарқан даласын

Ұлықтап тұрған данасың.

Ұяңа бастың ып-ыстық

Адамның бөлмей баласын.

Ағалық жасқа аттадың,

Абыздың жасын аттағын!

Бабамның көріп көзіндей,

Білімнің жолын жақтадың,

Ғылымның ғұрпын сақтадың.

Тарихпен жаран жарастың.

Заңғардай зәумен таластың.

Сәкен есімін және алдың

Асқақтап Рухы Алаштың!

Қуаныш Дүйсенқұлов
Алғашқы

махаббат

Өміріме еніп бала жастан-ақ,

Махаббатым ашылды тек өзіңмен.

14-те едім қатаймаған жасқанат,

Саған деген құштарлықты сезінгем.

Сол күндері бір шоқ көрдім көзіңнен,

Сол шоқ мені айырды датөзімнен.

Жан сырымды жеткізе алмай өзіңе

Жан егілді, жастөгілдік өзімнен.

Солай өтті, арпалысып күндерім,

Ғашық жүрек, уайымды күндерім.

Қатар жүріп, біркласта өзіңмен,

Мылқау жандайшықпай қойды үн-демім.

Кейде тіпті көрінгеннен қызғанып,

Жүрегімді алай-түлей мұз қарып,

Талай түнді өткергенім есімде,

Түсінерсің, ғашық деген бір ғаріп.

Тұлпар

көңіл

Тұлпар көңіл, бұлқынады жүрегім,

Жыр-Тұлпармен жарысумен келемін.

Қолым созып оның алау- жалына,

Түсімде де алысумен жүремін.

Тұлпар-жүрек, бір сәт әзір тынбайды,

Тұлпаржыр да бұлқынадытулайды.

Аққағаз – жол, үстінде осы қостұлпар,

Кейде тату, кейдеқатузулайды.

Тұлпар жырым, қол жеткізші жалыңа,

Жақын келші тұлпар жүрек жанына.

Қос егіздей жыр мен жүрек табысып-

Жетейінші ақындықтың бағына!

Азамат Тасқараұлы
Болашақта оқылатын өлең

Молама, достарым, келіңдер,

Сау болып немесе мас болып.

Ақынның жағдайын көріңдер,

Күңгірлеп жататын тас болып.

Басыма гүл қадап қойыңдар,

Елжіреп қалармын сонда аса.

Немесе дастархан жайындар,

Ән салып қайтыңдар болмаса.

Болса егер орындық, отырып,

Арақтың ауызын ашындар.

Достардың барлығын шақырып,

Басыңдар, тағы да басыңдар.

Мұң шағып үніңіз қаусырса,

Сіздерге беретін жалын бар.

Айтатын әңгіме таусылса,

Саясат жайлы айта салыңдар.

Биік дей көрмеңдер талғамы,

Сүйемін сорын да даламның.

Жылы сөз айтылса болғаны,

Үстінде көңілді моламның.

Жастарым өлеңін арнасын,

Қастарым даттасын көпіріп.

Мен жайлы аңыз көп болғасын,

Мен жайлы айтыңдар өтірік.

Алды-арты болды де жар-кілең,

Күтті де бақытты көктемін.

Әйтеуір, бір шыңдық бар, білем:

Ол – менің өмірден өткенім.

Инеге отырып сасқанда,

Жұмылғам арудың көзіндей.

Бір өлең боп тұрам аспанда,

Бір өлең – аспанның өзіндей.

Әй, осы өлмеймін, сеніңдер!

Дерт қалмас жүрегім татпаған.

Молама, достарым, келіңдер,

Молама – мен мүлдем жатпаған.

Түн ғана мұңға мұңды қоса алады,

Сүзек жел соқыр тамды тасалады.

Қарайып құзғын отыр там үстінде,

Көзінен қан ағады,

Жас ағады.

Бұл сөзге әуре болма сеніп, құрбым,

Киесін алмағасын теріп қырдың.

Қазірдің өзінде де,

Мен дәруіш,

Құзғынның қызыл көзін көріп тұрмын.

Сарсылам,

Сабыр күтем,

Қасым қағам,

Құзғын кеп таратады шашын маған.

Сұлуға бірте-бірте айналады ол,

Бір гүлі он екіде ашылмаған.

Жалбақтар жалғыз едім барын күндеп,

Ұяты, иманы мен арын білмек.

Сол сұлу мазалап жүр несін мені?

«Мен сенің құлыңмын…» деп,

«Жарыңмын!» деп.

Сен мейлің,

Сенбе мейлің, айтқаныма,

Тәңірдің мына сыйы байытқаны ма?

Неге мен сүйем осы қарағанды,

Құстардың топ-топ болып қайтқанына.

Белгілі сол құзғыннан қашпағаным,

Ішімнен таусыламын,

Бос қаламын.

Әйел боп келеді әлі ол,

Қара да тұр,

Ұсынып у құйылған тостағанын.

Сағыныш.

Фальств.

Сағынамын…

Нені сағынамын осы мен?

Кімді сағынамын?

Таңға жиналамын, содан-соң түнге шағыламын.

Гүлді сағынамын ба,-

Ерініме алқоңыр таңдайын тигізген?

Ымыртты сағынамын ба,-

Шайтанға салқын маңдайын сүйгізген?

Жұмыр басымды сүйрелеп қайта тууды сағынамын ба,

Жоқ, әлде,

«Мама!..» деп, еркелеп күлуді сағынамын ба?..

Әй, әй, еркем…

Жылауды сағынамын-ау осы мен:

Үкінің киесін тамызамын сонда әрбір ғашықтың есіне;

Олар ұғады сонда,-

Қайғы терең болғанда, Құдай жақын болатынын,

Жан нұрлы болғанда, Бақыт өзі қонатынын…

Олар ұғар еді сонда,-

Құлақсыз естуді, көзсіз көруді,

Дінге сенуді, яғни, өзіне сенуді!..

Сағынамын…

Кімді сағынамын?

Жалпы, сағынып не етемін?

Мендегі ақылға бөтен бұл қазақ, бөтен үн…

Тордағы құс ұшарын ұмытады ғой,

Адамдар да әсте ойламайды екен кетерін.

Әпкемді сағынамын-ау, сол ғана түсінеді,

Биік әніне тартатын құсым еді…

Нені сағынамын осы мен?

Жазуды сағынамын-ау:

Аз сөйлеуді үйрендім, салмақ салмаймын өңешке…

Маңдайым тиеді солай азуға.

Ой, барлық ақын бір-ақ кітапты жазуда емес пе?

Ой, барлық ақын бір ғана көрді қазуда…

Сағынамын…

Басқа амалым бар ма ендігі?

(Бұзушылық сарыным жаны тазаға бола алмайды үлгілі)

Бір ортаға сыймай жүрген қайран басым,

Бір табытқа сыймайтының белгілі.

Кімді сағынамын осы мен?

Алғашқы іңкәрлікті сағынамын!

Алғашқы іңкәрлікті сағынамын – балалығымды сағынамын,

Жапырақ иісінен тарқатылған қара бұрымды сағынамын…

Сезімді сағынамын,-

Арзан сүйістің дәмінен тоналып болғам;

Ең бастысы Өзімді сағынамын,-

Қара түнге шыққан да, жоғалып қалған…

Білтедей баяу сөніп қыр,

Бұйдасын үзіп, жел шөккен…

Ақжем боп ақшам келіп тұр,

Арқасын Айдың көрсеткен.

Тобықтан ұрып салқыны,

Тарлауыт асқан,

Талай бел.

Қайтеді-ей мені, жалқыны,

Тапқан да досын қарай гөр.

Адымын шәлкез басады,

Өмірдің айтып озанын.

Сапырып сосын… қашады,

Көзімнің ыстық қазанын.

– Сұрама дедім,- қал менен,

Байғұсым жылай жаздады.

«Абайдың әнін сал» деп ем,

Қазақтың зарын қозғады.

Сезілді кенет түнгі ызғар,

Жібітіп қатты көңілді.

Тамшылап жатты жұлдыздар,

Арқалап бір-бір өмірді.

Көргендей түрін тозақтың,

Ішкендей ірін құйып ап;

Бір қауым ғана қазақтың,

Дос-жауы болған қиын-ақ.

Мен ауылдан кеткен кезде көктем-тін,

Көңіл сонда шыққан және шектен тым.

Қарындас-бұлт мұңын шағып Алтайға,

Суық жасын тас төбемнен төккен түн.

Еншісіне бір жылулық тимеген

қоштасуды

О бастан-ақ сүймеп ем.

Лайсаң жолда жылай алмай тұрдым мен,

Жел ғана үнсіз бөрте сайда билеген.

Қарындас-бұлт, сені мұңлы демес ем,

Сол түні ауыр күрсініп ең неге сен?!.

…Біздің жақтың қалжыңы ащы, айтпақшы,

«Тақпағыңды қойсаш!..», – деді жеңешем.

Көктем еді…

Көктем деген шақ қана,

Үнсіз кеткем, кеткенім жоқ мақтана.

Өмір солай алғашқы рет бір шоғын,

Тастай салды жүрек дейтін мақтама.

Ауыл-айын еске алам деп қияқты,

Жанарымнан жаһұт күндер жиі ақты.

Кәрі Алтайға мұңын шағып,

Мені ойлап,

Қарындасым жылап тұрған сияқты.

Дулат АМАНЖОЛ
Асық ату

архаизм емес!

Асық атуды ұлттық бренд деңгейіне көтеру

керек. Өйткені ол ұлттық ойынның атасы ғана

емес, халықтың өткені мен бүгінгісінің

көрінісі.  Ертеде қазақ баласы қолына ең

алғаш асық ұстаған.

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» – деген екен Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев. Қазақтың ұлттық ойындарының ең алғашқы сатысы һәм халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде әуелі асықты айтамыз. Асық малдың жіліктерін жалғастырып тұратын шағын сүйек қана емес, ұрпақ тәрбиесінің аса қажетті құралы. Ұлттық ойынның атасы ғана емес, халықтың өткені мен бүгінгісінің көрінісі. Өйткені ертеде қазақ баласы қолына ең алғаш асық ұстаған.

Сөйтетұра, бүгінде осы асылымыз ұлттық мейрамдарда еске түсетін атрибутқа, көрмелерде көрсетілетін жәдігерге айналып барады. Ең сорақысы, бүгінгі жастар мен жасөспiрiмдер асықты архаизм деп есептейді.

Тұтас ұлттың бренді болар дүние неліктен ұмтылып бара жатыр? Тақыр алаңға көлденеңiнен түзу сызық сызып, байлай тiгiлген кенейдi кезектесiп сақа мен атқан қазақ балалары неге көрінбейді?Асық ойынын не себепті жалпы ұлттық спорт деңгейіне көтере алмадық?

Әлқисса, сонымен, әңгімені әріден бастасақ. Кезінде қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы «Асық – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы», – деп баға бергенеді. Керек десеңіз, бүгінде этнографтар мен мәдениет танушылар асық ойының феноменін зерттеу үстінде. Себебі, халық шығармашылығынан туған

асық ойынының астарлы мағынасы, ұрпаққа жеткізер ақпараттық күші, коды болған. Мәселен, этнограф ғалым Бекет Қарашин былай дейді: «Асық ойынының негізінде тылсым символдар мен кодтар, шартты белгілер жатыр. Өткен күннің белгілері бар. Сол белгілерді тауып, жарыққа шығарсақ қана біз өзіміздің түп-тегіміздің салт-дәстүрін, дүниетанымын, олар кезінде нені аңсағанын ұғар едік. Мысалы, Тутанхамон мәйітханасынан табылған асық нені білдіреді? Ал орыс балалары айтатын «бабки» сөзіше?.. Осы сияқты жұмбақтарды шешсек, бізөзіміздің жоғалтып алған тарихи жадымызды қалпына келтірер едік. Ұлт, халық ретінде негізімізді тереңдете түсередік”-деп түйін дейді.

Бұл аз десеңіз, басқа да тарихи деректерге үңіліп көрейік. Ертедегi көшпендiлер асық арқылы жаугершiлiк заманда кiмнiң жеңiп немесе кiмнiң жеңiлетiнi туралы бiлiп отырған. Сондай-ақ, жерге байланысты дау-дамай да осы асықтың күшiмен шешiлген. Тіпті ертеде бақсы-балгерлер асық арқылы сәуегейлік жасап, алдын-ала болжам да жасаған көрінеді. Бұған халқымыздың ауыз әдебиеті куә.

Қазақта «Доп ойнаған – тозар, асық ойнаған – азар, қой бағып құйрық майын жеген – озар» деген мақал бар. Әрине, заман ағымына қарай бұл мақалды басқаша түсіну һәм түсіндіру керек бүгінгі жасөспірімдерге. Өйткені, бұл сөздің астарында малшының психологиясы көрініс тапқан. Қазақ баласының «қой бағып, құйрық майын жегеннен басқа қолынан түк келмейді» деген ескі заманның кемсіту идеологиясы жатыр. Мәселен, ала допты қуалап, миллиондаған жанкүйері бар стадионды жинаған Лионель Месси, Дидье Дрогба, Джанлуиджи Буффон, Фернандо Торрес тозды ма екен?! Немесе Еуропа жұртшылығы тамсана мақтайтын, қызыға ойнайтын классикалық керлинг пен гольфтен азды ма екен? Еуроарнадан аталмыш керлинг пен гольфті тікелей желіде тамашалар болсаңыз, өзіміздің ұлттық «Бiр табан», «Үш табан», «Таған», «Хан талапай», «Алшы» сияқты асық ойындарынанкем болмаса, артық емес екенін аңғарар едіңіз. Әттең, пиар жағынан ақсаңдап, құндылығымыздыжарнамалай алмай, бұқаралық спорт деңгейіне дейін көтермей жүргеніміз өкінішті.

Асық ойынын қазақтың мергендік мектебі деуге толық негіз бар. Мергендікпен қатар, баланың ептілігін, шапшаңдығын, табандылығын және қырағылығын жетілдіреді. Мамандардың дәлелдеуінше, асық баланың жүйке-жүйесін қалыптастырып, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді. Мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді. Көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады. Ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады екен.

Сондықтан асық ойынын қайта жаңғыртып, өз деңгейінде насихаттап, ұлттық бренд деңгейіне көтеріп, спорт түрі ретінде дамытудың кезi келдi. Ал енді, асық ойынын көтеріп, жаңа құндылық ретінде бекітіп, дәріптеудің һәм дамытудың қандай жолы бар?

Біріншіден, бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымызды технология жетістіктері алмастырғаны белгілі. Қазіргі бүлдіршінге асықтан гөрі, компьютер, Sony PlayStation, iPhone, iPod, iPad жақынырақ. Ендеше, ұлттық ойнының компьютерлік және планшеттік нұсқасын шығарсақ ұтар едік. Виртуалды асық ойыны өскелең ұрпақтың қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарымызға жақындата түсер еді. Жас бала асық ойынының мазмұнын бойына сіңірер ме еді осылайша?! «Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки» деген.

Екіншіден, анимациялық мультфильмдер арқылы насиахаттау. Яғни, аниме арқылы асықтың кең өріс алуына сеп болу. Кезінде «Жетіқоңыр» продюсерлік орталығы түсірген «Асықтың түсі» мультфильмі бүлдіршіндер арасында үлкен қызығушылық туғызған еді. Әлбетте, жарасымыды жалғасын тапса дейміз аталмыш жоба. Сансыз оқу-әдістемелік құралдардан гөрі, жас суретшілерді тартып, асық ойының түрлеріне қатысты комикстік топтама әзірленсе де артық болмас. Еліміздің «Асық ату» Федерациясы да бұған үн қосса игі болар еді.

Үшіншіден, ұлттық брендімізді Гинестің рекордтар кітабына енгізуге әбден болады. Тізілген асықты алшысынан тұрғызып, еліміздің ең ірі орталық алаңында «Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!» деп әлемдегі ең ұзын жазуды «орнатуға» болады. Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты ел екенімізді білсін дүние жүзі.

Қазақ «күй шығарып, ән салып, көкпар тартып, қыз қууға» ғана жаралған консерватор халық емес! Әлемге айдай етіп, тың жаңалық аша алатын, жаңа идеялар мен бастамалардың генераторы бола алатын озат ойлы халық. «Мал баққан, жай жатқан» ел жоқ ХХІ ғасырдың әлем картасында. Олай болса, жаңашыл ұрпақтың асығы алшысынан түссін деп тілейік!

Қарағанды

Әйгерім Хұрметхан
Жазсам өлең егерде…

Нұрлы ойға батып,

Сөз дәмін татып,

Жазсам өлең егерде…

Дүрсілдеп тілеп,

Соғады жүрек,

Бүйрегім бұрып өлеңге.

Жазбасам, бәлкім,

Ойламай әр түн,

Толқынды жүрек көнер ме?!

Тұтығып іште,

Тістеліп тісте,

Өлеңім жатып сөнер ме?!

Сөнерде қинап,

Кетер ме жұмбақ,

Бұрқылдап қайнап бекерге..?

Шығарда іштен,

Шықпасын күшпен,

Жол табар сонда өтерге.

Шығардым сырды,

Жүректен жырды,

Қайнаған өмір көрерге.

Ауадай сіңіп,

Жүрекке тұнып,

Қонымды болып жетер ме?

Қаламды алдым,

Барымды салдым,

Жақсын деп тілеп көңілге.

Қуат боп елге,

Шуақ боп жерге,

Өлеңім келсе өмірге.

Болсын деп нәрлі,

Жаса деп мәңгі,

Сыйынар едім тәңірге!

Серік САҒЫНТАЙ
ҚАРҒА

(Әфсана)

«Бывают дни, когда человек вселяет в меня ужас…»

Жан Поль Сартр.

«Ей, ұшып жүрген қара кітап…»

Мұхаммет Салық.

…Қарғалар өзара сөйлеседі екен. Қарқ-қарқ етіп, қиялай ұшып бара жатқанда маңындағы тамырына әлденені ескертіп айтады-мыс. Не айтатынын кім білген?! Өз кебімізге түсіріп, «Қу құлқын шығар?» дейміз кейіп. «Қарқ-қарқ. Кеттік. Егістік жаққа барып қайтайық, туыстарымыз келе бастаған сыңайлы. Бұл қораның маңында аса мардымды тағам жоқ тәрізді, қарқ-қарқ…» Не айтады дейсің басқа?!

Бұл қарғаны әңгіме етпеген жан жоқ болар жер бетінде. «Қарғалар жүр қарда қара нүкте боп…» деп ақындар жырына салып, ойын тұздықтады. «Сен бақыттысың, күллі дүниенің үстінен саңғыты-еп, қарап отырған…» деді. «Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде…» деп бипаз басталып, шырқай кететін әнді естіп келеміз ертеден. Ал қарғалардың сөйлесіп жүретіні туралы әлдебір орнитолог-жазушының, әлде, ғалымның кітабынан оқығанбыз. Жазушымыз Песков па, Зверев па, әлде, Сетон-Томпсон ба?! Ал ғалым, тіпті, ойда жоқ. Ойда тек қарғаның сөйлесетіні ғана қалыпты. Қарғаның тілін кім ұққан?! Тіпті, сөздік қоры бай халық болсын, одан не табамыз? Қазақтың тілі байи ма одан? «Қарғаның тілімен айтқанда, Сіз, қарқ…» деп басталатын әңгіме не береді бізге? Сосын, мақал-мәтел. Қарға туралы. Аз-маз бар екен. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды». Боқ шұқығыш қарға жанындағы дастарқандасының көзін шұқығаны туралы факті тіркелмепті тарихта. Әйтпесе, қазақ айтатын еді: «Қарға қарғаның да көзін шұқиды» деп. «Қарға баласын аппағым дер, кірпі…» Қарғаның тілінде «аппақ» деген сөз бар шығар? «Тозған қазды топтанған қарға алады». Көне түркі мақалы. Іздей берсем, біраз табатын тәріздімін. «Қарғалы» деген ауыл да бар. Ақшатау жағында болатын. Қарғасы көп болды ма екен? Әлде, этимологиясы қарғаға қатысы жоқ, әшейін дыбыс үндестігіне қарап, біз солай ойлаймыз ба? Қайткенде де, қатысы бар болар…

Қарғаның түрі, тұқым-атасы жайлы да таратып әңгіме қылса, бір таң отыруға болатындай. Ұзақ қарға, ала қарға, көң қарға, құзғын, т.т… Өзара жамағайын, туыс, жекжат, әйтеуір, бір қарғатамырлы жұрат. Біз де. «Қарғатамырлы қазақпыз» дейміз. Сірә, қарғаның ұзақ жасайтынына қарап, тегіміз алыстан туысатынын меңзеп айтармыз…

Қарға туралы, осы замандағы кез келген құзғын туралы айтқым келсе, аталарым есіме түседі. Үш жүз жыл жасап келе жатқан кәрі қарға атамның атасын көрген шығар?! Көктемеде жасыл шалғынды жапырып, жазға қадам басқанда, қытымыр қыста, жайлауы қырқылған күзде қарқ-қарқ етіп, құрығынан үркіп ұшқан шығар?! «Ей, құзғын, атам жайлы айтшы маған! Айтшы маған, әжелерім жайлы, әкелерім туралы. Атамның мен көрмеген мыңғырған малы мен аңсақ төбеттерін. Қыс қыстауы мен жаз жайлауы қандай еді?! Арқаның қожыр-қожыр тасты қоңыр тауларының бұйраттарынан қашқан түлкі-қарсағы мен ізім-қайым жоғалған киіктер туралы айтшы…» «Қарқ-қарқ. Қарр-ққ. Ғғарығқ. Қғғар-рррқ» дейді қарға. Айтты-ау деймін. Мен ғой түсінбейтін. Адамның тілін әзер ұғамыз. Қарғаның тілін қайдан білейін. Бірақ…

Бірақ, бірде қарғаның аузынан, жаңылам, тұмсығынан шыққан үннің бәрін ұға кеттім. Бір топ қарға еді. Жабыла жалбарынғандары, шырқырай шыққан үндері керемет ұғынықты еді. Қарғалар адамнан да түсінікті тілде сөйлейді екен…

Сарыесіктің жазығы Қояншоқыдан өзенге қарата қодыра шөпті, ерменді боп кетеді. Топ тобылғысына қараған араласа, күбі ыстар майлы бұта тікенекті тапал тоғайға айналады. Еспе құм да емес, топырағы майлы. Бірақ, қодыра шөп, жусан басқан. Мұндай топыраққа көде байланатын, шалғынымен шұрай бітетін. Совхоз ыдыраған соң төрт-бес жыл жапырылмай жатты. Бір жылы өртеніп кетіп, келер көктемеде көдесі ту бітіп, жасыл жазираға айналар деп күткен ел. Олай болмады. Тусырап, шала иленген тулақ құсап, қаудырап жатты. Тобылғының түбірі қалып, қарағанның қаңқасы жасыл тікен-тырнағын сойдитты. Арыған өзеннің жел жемірген жарына қаңбақ паналап, қаңғыбас құйын шаң көтергенде бұлғаққа араласа кететін. Сол жазықты былтыр ерте көктемде Жәкем әкімнен қағаздап, қалап алғанда біздің ауылдың білгіштері жағасын ұстады. «Қу тақырға қала салайын деп жүр ме? Анау жылы қарбыз еккен кәрістер темекі өсіріп, оған жуа ма, пияз ба, әйтеуір өздері қуырып жейтін ащы бірдеңелерін қоса отырғызып, ақыры шөп шықпастай ғып кеткенін біледі ғой». «Әй, бұл түйе асырайын деп жүр». «Түйе асыраса қуырдаққа қарық қылады да…» Жәкем ауыл көшесіндегі пыш-пышты елең қылған жоқ. Екі ұлын, оған мені қосып көлігіне тиеп ап, жазыққа тартты. Сонау жылы кәрістер паналаған вагонның салабасына барып, тұмсық тіредік. Кинодан көретін Американың әлдебір штатындағы иесіз түлей түз елес берді. Жұлынына бұлғақ кіріп, будан боп кеткен мақұлықтар жан-жақтан келетін сынды, сілекейін шұбыртып. Әуелі үрке қарайды. Сосын, сәл қозғалсаң болды көмейінен зілді күрсініс секілді үн шығарып, дір-дір етісе қалады. Келесі сәт… Жо-жоқ, ондай ештеңе де болмайды. Менің сырқат санамнан туған қияли елестер қозғала бастағанда Жәкем тіл қатты.

-Мына ел мені ақымақ санап жүр. Өздерінің шайнам ақылдары жоқ. Бұл жер өздерің сегіз-тоғыз оқығанда суармалы бақша болған, естеріңде ме? Жылына бірер мәрте қаладан әкелетін қарбызға, капустаға мәз боп жүргенде, бір жылдың ішінде көк түйнектің астында қалып едік қой. Әй, Әділ, қарбызды сұрап бір, ұрлап екі жеп, ішің өтіп, шайдың самасын шайнап, әзер тірі қалғаның есіңде ме?..

Ол, әрине, менің есімде. «Сонда Жәкем кәрістер құсап, қарбыз отырғызбақ қой…»

-Өзеннен тартылған тұрбаның сілемін көрдіңдер ме? Әлі ешкім қазып алған жоқ. Қазбай тұрғанда мен басып қалдым. Өзі – нержавейка. Бір су соратын мотор аламыз да, өзеннен су айдаймыз. Суармалы бақша жасаймыз. Ел құсап, картоп, қияр салмаймыз. Күнбағыс отырғызамыз. Ано-о-оу жарға дейін (қолымен Төрешоқы беттегі сирек тал біткен жарлауытты нұсқады) үлкен плантация болады. Күнбағыс жайқалады әлі бұл жерде. Пістесіне тоясыңдар. Сусыз жерде қуырып, сулы жерде асып дегендей. Сабағы да іске асады. Шекілдеуіктің майын шылқытып шығаратын зауыт саламыз. Қытайдағы досым май сығатын аппарат әкеп берем деген. Қалбаға да тоясыңдар. Түсінікті ме? Ел оттай берсін…

Таңдайымды суырып баратқан тәтті қарбыздың дәмі шемішкенің қабығы боп жабысып қалды. Алғашқы күндер ат шаптырым алапты қоршаумен кеткен. «Сұғанақ сиырдан, оқалақ буған мәлік келгірлерден». Ол екі арада Жәкем қаладан екі қап дән әкеп, жер жыртып дегендей, мотормен су шығарып, жұмысбасты боп кетті. «Күнбағыс үшін де жер жыртады екен-ау» деймін ішімнен. Ақыры дән себу басталды. Қаптан бір шелектей қуырылмаған аппақ дәнді етегіне толтырып алып, Жәкем алға түседі, соңында біріміз дәндерді таратып, екіншіміз көміп, еріп отырамыз. Бейнет. Іш пыстыратын, көзге көрінбейтін жұмыс. Ақыры аяқтадық. Қаптағы қалған шикі пістені шағып жеп, қарық болғанбыз. Тоқымдай жерге картоп егілді. Алашадай жерге қияр, тебінгідей жерге сәбіз сіңірілді. Қоршауды жағалай қарағаш шыбықтарын қададық. Сонымен тәмәм. Мен қалаға оралдым. Жәкем балаларымен ауылдың алып-қашпа әңгімесінің өтінде қала берген…

…Қарғаны қолға үйретіп, жемдеп, тұқымын сұрыптап, қап-қарасын аласымен будандастырып, жыл аралатып тағы сұрыптап, бәлкім, қараңғыда ұстай ма, тамағына маңызды мәзір ойластыра ма, қайткенде де ақ қарға тұқымын шығаруға бола ма екен? Ақ қарға. Шағаладай. «Аққудай» деуге ауыз бармайды. Тұмсығына дейін аппақ болса. Бұлар өзі неге қап-қара, меңсіз мақпал қара, түннің, мәңгілік түнектің түсіндей болады екен? Мынау ақ дүниенің алғаусыз ақ кеудесіндегі дық секілді қап-қара дақ, ноқат. Қара мең. Бәлкім, ақ дүниенің қарақотырланған жарасы ма? Адам баласы өзімен ежеттес мақұлықтардың жасын сұрайтыны туралы аңыз бар еді ғой. Сонда маймылмен шектеле қалмай, қарғаның жасын сұрап, оны жаратушымыз бере салып, содан қарқ-қарқ етіп, тұмсығыңды нәжіске тығып… Жо-жоқ! «Қарқ-қарқ етіп қарға ұшқанда басымнан өкінгенмін, өстіп талай басылғам…» дейді ақын дос. Неден өкінді екен? Жасының кемдігіне ме? Әйтеуір, қарға туралы әңгіменің бір шеті өкінішке кеп тіреледі. Қалада, далада да құзғын көрсең, ескі бір елестер тірілетіндей. Сол жылы ауылға барып, күнбағыс плантациясын қорығандағы өкініш естен кетпес…

«Айда аял жоқ, жылда…» Бір айдан астам өткесін қаладан келдім. Сағынбаппын ауылды. Білмеймін неге екенін? «Күнбағыс плантациясы не болды екен?» деген ырайсыз ынтық қана бар. Ауылдағы үйдің есігінде құлып тұр. Көрші сары тісін көрсете күлді: «Көкең бақшасында. Байлығын қорып жүр. Қатын-баласымен көшіп кеткен». Жүк дейтін жүгім де жоқ-тын. Шүмектен су сыңғытып ап, тартып отырдым. Ынтазарым күшейіп барады. «Бәрі кеткеніне қарағанда, жұмыс қырғын болар? Тәтем де сонда болса, рас солай болды ғой…» Ойлағаным қиыс кетпеген екен. Сарыесіктің тапал шоқысына шыққан бетте сонадайдан көзге шалынды. Плантация. Кинодан көретін күнбағыс плантациясы. Етегі жусан түсті боз жасыл, сәл ырғалған бастарынан сары күлтелі жапырақтары тұтасып, тусырған далаға өзгеше өң берген. Тұра жүгірдім. «Жәке, жарайсың! Қызық болды ғой!»

Түс әлеті болатын. Демалып жатыр екен. Жапырлай амандасқанымен, қабақтары сәлең. Қуаныш, туысын көргенде жылт ойнар жанар жарқылын іздеп, бәріне қараймын кезекпен. Жүздері шаршаулы, жанарларында шарасыздық бар секілді. «Не болған сендерге? Жұмыс ауыр ма? Керемет шығыпты ғой?» деймін асыға. «Е, қазір көресің қызықты» деді Жәкем. «Қызығы» расында қырғын боп шықты. Түскі астан кешіккесін, қазан түбіндегі майы қата бастаған ешкі етінен бірер мәрте қарбытқаным сол еді, Жәкем балалары бір-біріне елеңдей қарасып, сыртқа ата-ата шықты. Мен де ілестім. Өзен жақ беттен құс қайтарда топталатындай қарақұрымданып, жүздеген қарға келеді қарқылдай ұшып. «Қарқ-қарқ. Жан-жақтан қаумалап, естерін тандырайық. Қарқ-қарқ» деді-ау деймін бірі. Оны бәрі қостаған секілді. Әп-сәтте сабақтары пісте тұнған қауашағын әзер көтеріп тұрған егістік алабына, күнбағыстардың иілген бастарына жапырлай қона бастады. Бауырларым шатырдың іргесіндегі бос шелек, бақыраш-тегештерді, бір-бір шыңдауыл темірді ала-сала аттандай ұмтылған. Қарғаның қарқылына шың темірдің қаңғыр-күңгірі қосылып, аспан асты айғай-сүрен қиқуға толды. Салыға шаршаған Жәкем «Неғып тұрсың? Көрдің бе?» дегендей мұңая қарады…                                                                                                                                                                                     Қарағашқа ұя салған, болмаса, қар үстінде күреске түсетін балуандай талтаңдап жүрер қарғаны талай көргенмін. Қара пәленің күнбағыстың басына қонғанын тұңғыш аңдауым. Күнге мойын созып жетіліп, күнжарасы толғанда, пістесі пісіп, піскеніне қысылғандай басы салбырай кететін, жасыл түгі дымқыл шырышпен шыланып тұратын сабағы қатып, қуыс таяқ қурайға тарта бастаған күнбағысты үй қаздарын аулар машықпен мойнынан ағаш қылышпен бір ұрып, жерге топ еткізіп, жинайтынбыз. Сол «иілген басты қылыш кеспес болар» деп тұрған бейкүнә сидаң сырыққа, сырықтың басында салбыраған пістелі табаққа қарғекең жарбиып қона кетеді. Қона кетеді де сол аяғына салмағын салып, оң сирағын ырғап-ырғап, сояу тырнағын батыра құламастай жайғасады. Сосын, төменге үңіліп, иіле кетіп шоқып ала бермек. Шырт еткізіп шаққаны кедейдің бит сыққанындай. Жер жаралып, су аққалы пісте шағып жүрген секілді. Кейде жанына тақап келсең қып-қызыл көзімен ата қарап, «қғарққ» дейді де, аспанға атылады. Есіл еңбек рәсуә. Жәкем жыларман. Балалар шаршаулы. Қарға қаптап келеді. Күн санап көбейетін тәрізді. Жеке-жеке топқа бөлініп ап, бәсекені қыздырып жүрген сыңайлы. Жарты жалғанның құзғыны осында шығар. Қара түннің қалақтай-қалақтай қиындылары аспаннан шашырай түсіп, жарықтың жүзіне қадалып жатыр. Күнбағыс күннің көшірмесі де, қара қарға түн-түнектің елшілері секілді. «Әлімсақтан осылай. Ақ пен қараның шайқасы». Мен сол айқастың бас куәгері тәріздімін. Дәрмен жоқ…

Шарасыздық шалдықтырған Жәкемді ауылдағы Қабыл досы іздеп келсін бір күні. Қан майданның өтінде жүргенде келді. Қараборбайланып, қажыған бізге мысқылмен қарап тұрды-ау.

-Осы қарғадан құтылудың амалын айтсам не бересің, Жәке? – деді сәл тыныстан соң.

-Е, сұрағаныңды ал…

-Онда, маған үш қаз үйітіп бересің.

-Қаз сөз боп па, үш жүз қарға қосып үйітіп берейін, – дейді Жәкем күйініп.

-Қап, арзандау айтып қойдым. Дегенмен, барға қанағат. Ал енді бәрің бері келіңдер, – деп, бізді ашық алаңға бастады білгішбек. Қарғалар назар аудармасымызды аңдап, хан талапайды қыздыра бастаған.

-Қарға аулау білесіңдер ме?

-Білеміз, білеміз. Тұзақпен… сақпанмен атып аламыз… Тормен аулауға болады…

-Онда бәрің жабылып, оншақты қарға ұстап әкеліңдер. Бұл – бірінші жұмыстарың. Жәке, жүр совхозға барып қайтайық.

Үлкендер кетісімен жаңа ауға – үлкен жорыққа аттанардай қамдандық. Әділ тіпті, бет-ауызына қара бояу жағып, үндістердің ұрыс алдындағы биін салып, ойқастап қояды. Өзеннен кеше салған ауды алып келдік. Паршалап, бөліп алыстық. Біріміз сақпан сайладық. Торды бірнеше күнбағыстың басына шәліше орап, бір ұшын жерге қазықпен қағып, атпен тартсаң шықпастай еттік. Сосын, тұзақ, тор құрылған «миналанған квадратқа» қуа бастадық қарғаларды. Айналасы бір сағатта он екі қарға пұшайман боп тұтқынға түсті. Сол сәт Сарыесіктен Жәкем машинасының шаңы көрінген. Тұтқын қарғаларды сирақтарынан тізіп, бар сән-салтанатпен қарсы алдық. Тәтем үйде қалыпты. Жәкемнің көзінде ұрлықы ұшқын ойнайды. Әлсін-әлсін жымиып қоя ма, қайтеді?! Сірә, отты судан жұтқан. Қабыл да жымыңдап, бізді марапаттап жатыр.

-Машинадағы музыкальный аппаратты түсіріңдер.

Біз бір-бірімізге үрке қарастық. «Дискотека?!».

-Болыңдар, ей. Моторды қосып, аулақтау апарып, сым тартыңдар шатырға. Қазір студияда «Алтын қорға» әншілердің даусын жазамыз.

Түк түсінбеген қалпымызда Жәкем көктемде кредитке алған күйсандықты шаң-шаң шатырдың төріне жайғастырдық.

-Қарғаларың семіз екен. Қазір көреміз бұлардың әуселесін. Ұлдар, сендер қарап тұрмай бір-бір шеге, біз алыңдар қолдарыңа. Қарғаның қос сирағынан, қанатынан байлап, керіп тастаңдар…

Құпиялы қойылымның мәнін енді түсіне бастаған тәріздімін. Бірақ, күйсандық неге керек?! Он екі қарға шатырдың ши төселген еденіне керіліп тасталды. Дауыстары жалынышты шығатын тәрізді. Тегін пістеге семірген талтаңбайлар тағдырлары не боларын ойлайды ма, бастарына төнген зауалды күнге өкініш білдіре ме, қайткенде де, үндері жасыған. Тыпыр-тыпыр етісіп, сабаланып, шатыр ішін шаңдатып та жіберді.

-Қазір бастаймыз. Мен мына магнитофонға, таспаға жазуды бастаған сәтте қолдарыңдағы шегемен қарғаларды басқа-көзге қарамай піскілейсіңдер. Дауысынан қорықпаңдар. Бәлемдердің үндерін жазып алып, басқа қарғаларға тыңдатамыз. Сосын келіп көрсін бұл маңға! Ал, кеттік…

Күйсандықтың тетігі шырт ете қалғанда Жәкемнің қолындағы көр шеге алдындағы қарғаның төсіне кірш етіп қадалды. «Қғғғғ-ғғарррррр!» деген аса аянышты үн құлақты тесіп, миыма шағылды. Орнымнан қалай ұшып тұрғанымды білмеймін. Бәріміз сілейіп қалыппыз. Төсіне темір кірген бейбақ құйқа шымырлатар үнмен бебеулеп жатыр. «Не қарап тұрсыңдар!» Қабыл айғай сала, ұрандап, менің қолымдағы бізді жұлып алып, жерде сілейіп жатқан қарғаға пісіп-пісіп жіберді. «Қррррр-ғғғақққ! Қиқққ-ғғарррқ! Қаққ-қаққ!» Қарға жылап жатқан секілді. Қарға жанына батқан жарадан аһ ұрып, айғайлап көмек сұрағандай болды. Сол сәтте қанды топалаң басталды да кетті. Оң жақтан да, сол жақтан да тозақ үні, топырлай шаңдатып, қарға өлтіру ойыны қызып жатты. Қолыма қайдан іліккені белгісіз, әлдебір қисық шегемен бір бейбақты мен де піскілеп-ақ жатыр екем. «Жетер!» Жәкемнің дауысы. Қолы, бет-ауызы, киімі қан-қан. Қансыраған қарғалар жабыла жалбарынып, ойбайлап жатты. Мұндай зар-зәһар дауысты туғалы естімеген екем. Қолымдағы қисық шегенің таттанған ұшынан қап-қара қан тамшылап тұр. Құлағымда тозақ үні. Қарғаның үніне Әділдің бақыра жылағаны қосылды. О, бұл неткен бақытсыз үн еді! Қара қауырсындары шашыла, жұдырықтай ғана денелері қанға малшынған бейбақтар өзара бақұлдасып жатты-ау деймін. «Қғғ-ғарққ. Өлдім. Өлдім. Өлдім! Қарғыс атсын! Қарррр-ғғыс атсссын, адам атаулыны! Қққққайдасыңдар, балапандарым? Өлдім!» деп, зарлады бір кәрі құзғын. «Қғғғаааа-ааа-ааааа! Қап! Қаррр-ғыс тіледім!» «Өлдім! Өлдім!» деп жыласты қарғалар. Үш жүз, үш мың, үш жүз мың жылдар бойы бойына жинап келген қаралы қарғыстар атылды қарғалардың жүрегінен. Тозақтың бар тұрғыны арқалаған аһ ұрған ажал зары төгілді қарғалардың үнінен.

Қабыл қан-қан қолымен көкемнің күйсандығын тоқтатты.

- Қарғаларды шығарып, босатып жіберіңдер. Неге сілейіп тұрсыңдар!

Жәкем тілін жұтқан адамдай түнеріп барып, қарғаларды далаға лақтырып тастады. Үлкен ұл балтамен жіптерді қиды. Төрт бейбақ әлсіз қарқылдай, қалбаңдай ұша-қона күнбағыс арасына сіңді. Қалғаны қанаттарын сабалап, орындарында тыпырлайды. Дауыстары жыламсырай шығып, ақыры тыншыған болды.

-Жақсы жазылыпты! Магнитофоның керемет екен. Бәле, Әділдің де дауысы араласып кетіпті ғой. Ха-ха-ха! – Қойылымның бас режиссері айран-асыр, мәз-мейрам.

Әлгінде ғана өз қандарына тойған бейбақтардың жан тәсілім етердегі үндері таспаға ап-анық жазылыпты.

-Магнитофонды далаға шығарыңдар. Бар даусымен барқырата қосыңдар. Тыңдасын құс атаулы!

Қабыл арман ісі орындалған жандай разы рәуіште. Жәкем мен үлкен ұл сүйретіліп барып, күйсандықты тысқа шығарды. Аспан астын тозақ үні тітіретті тағы да. Сол сәтте…

Сол сәтте Сарыесік алабын жайлаған қарға атаулы таспадағы тозақ үніне қосыла қарқылдап, өзенге, одан әрідегі қоңыр тауларға қарата атылған бытыраша тым-тырақай ұшты.

…Қарғалар өзара сөйлеседі екен. Өзара тіл қатысып, жанына жаққан жайды, жанына батқан қайғыны бөліседі екен.

Кешкісін қос басында Әділ екеуіміз қалып, өзгелер совхоз орталығына оралды. Қабыл қарғаға ажал әкелген қаздың өзі ертең ішер сорпасын мақтап, Жәкеме «қара пәледен құтылғаныңды жуасың» деп көлігіне жайғасты. Біз екеулеп жүріп, қарғаларды көміп тастадық. Қалыңға сіңгендері таптырмады.

Сол жылы Жәкемнің шекілдеуік майын шығаратын шағын зауыты іске қосылды…

Күйсандық күніне төрт-бес мәрте ойнатылады…

Сарыесік алабында қарға тұрмақ, құс атаулы қалмады…

Келер жаз Әділ бала суға кетіп қайтыс болды. Тәнін таба алмадық…

Ойыма Құран Кәрімдегі «Мәида» сүресі шертетін ескі аңыз оралады:

«Мұхаммед саллаллаһу ъалайһи уа саллам оларға Адам(ғ.с)-ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы деді. Сол уақиғада екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді. Құрбаны қабылданбаған Қабыл Әбілге, «мен сені өлтіремін» деді. Сонда Әбіл «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді» деді. «Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!» «Сөзсіз мен, сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп, тозақтық болуыңды қаламаймын. Осы, залымдардың жазасы». Сонда оның нәпсісі туысын өлтіруге қызықтырды да ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды. (Адам ғ.с. егіз ұл-қыздарды ауыстырып үйлендіреді екен. Бірақ, Қабыл өз сыңарымды аламын деп, Әбіл екеуі серттесіп, құрбан шалғанда құрбаны қабылданбаған Қабыл, Әбілді өлтіріп, қайтерін білмей көтеріп жүргенде, құдірет күші жіберген екі қарға таласып, бірін-бірі өлтіріп, көмгенін көріп, көмеді). Сонда Алла, оған туысының өлігін жасыруын көрсету үшін жіберген қарға, жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды? Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?» – деді де өкінушілерден болды…»

«Ей, қарғалар, аталарым туралы айтыңдаршы маған…»

Бәрінен де мен сұлу
Әйелдерді жазалаудың французша әдісі

Әйелдер арасында сұлулыққа талас мәселесі тәуелсіздікке талас мәселесі сияқты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Өйткені сұлулықтың құдыретті күш екендігін адамзат баласы баяғыда-ақ мойындап қойған. Сондықтан да ол өзекті және солай бола береді де. Француздар әйелдерді     қатал түрде жазалаудың әдісі деп мынаны айтады екен: әйелді неше түрлі керемет әдемі шляпалар қатар-қатар ілініп, самсап тұрған бөлмеге кіргізіп жіберу керек, бірақ ол бөлмеде айна болмауы тиіс және сұраса да бермеңіз дейді екен. Міне, жазаның осындай да түрі болады. Әрине, ауыр жаза! Мұның қаншалықты ауыр екендігін әйелдер ғана сезіне алады, әсіресе француздық ханымдар. Өйткені француз әйелі үшін өзінің шляпа киіп алған кезде қандай әдемі болып кеткенін көре алмаудан асқан өкінішті не бар.

Сұлулыққа талас майданының ғажайып жауынгерлері

Сұлулыққа талас майданының ғажайып жауынгерлері де аз емес.  Ол майданның да өзіндік «халық» батырларының есімдерін тарих қалт жібермей үнемі жазып отырады. Ең алғашқы сұлулар жарысы 1888 жылы 19 қыркүйек күні Бельгияның Спа деген курортты қаласында өткізілген екен. Оған 350 үміткер қатысыпты, ал қазылар алқасында тек қана ер адамдар болыпты. Сол жарыста Гваделупадан келген 18 жастағы Берта Сукаре деген қыз жеңімпаз болып,  «ең сұлу қыз» атанып және 5 мың франк мөлшеріндегі жүлде иеленген   көрінеді.

Осы хабар ұзынқұлақ арқылы күллі әлемді дүр сілкіндіріп, енді бұл  нағыз «жұқпалы» жарысқа айналыпты. Бүкіл әлемнің мұндай жарыстар өткізуге әуестенгені соншалық, ол бұл күндері нағыз бизнес көзіне айналды. «Әйел сұлулығын бизнеске айналдыруға болмайды» деп дау-дамай көтергендердің дауысын уақыт пен бизнестің ала шапқыны көміп тастағалы қашан.

1932 жылы 31 шілдеде Бельгияда дәл осындай сұлулық жарысы енді халықаралық деңгейде өткізіліп, оған 28 елдің көркем қыздары қатысқан екен. Сол жарыста сұлулығы сұлудан да өткен 19 жастағы түркиялық Кериман Халис бас жүлдеге ие болып, ең алғашқы «Жер жүзінің сұлуы» атаныпты. 1934 жылы Түркияда адамның аты-жөні туралы арнайы заң қабылданғанда түрік халқының ұлы көсемі Мұстафа Ататүрік Кериман Халистің аты-жөніне «Эдже» деген сөзді қосқызыпты. «Эдже» деген «падиша» деген мағынаны береді екен. Сол Кериман Халис Эдже биылғы қаңтардың 28-і күні 99 жасында  Стамбул қаласында қайтыс болды. Оның үш баласы және 13 немересі бар екен. Түркия президенті Абдуллах Гүл өзінің осы қазаға байланысты сөйлеген сөзінде: «Біздің елімізді күллі әлемнің алдында даңққа бөлеген және Ұлы Ататүрік өзі «Падиша» деген есім берген Кериман Халис Тамер Эджені қашан да құрметпен еске алатын боламыз» деді.  Кериман сұлу 30 қаңтар күні Стамбул қаласында жерленді.

Масако және 43 жас

Жарайды, сұлу болып өмірге келген екенсің, енді сол сұлулықты қалай сақтап тұруға болады деген мәселемен күллі әйел заты қай заманнан бері басын қатырып келе жатқанын ешкім айта алмайды. Шамасы, оны жарық дүниеге келген ең алғашқы әйел бастаған шығар. Сол әйелден көрмесек, басқа кімнен көреміз. Сонымен, осы мәселе бойынша бүгінгі таңда әлемді таңдандырып отырған жапондық Масако Мизутани деген келіншек бар. Жасы 43-те. Түріне қарасаң 23-те. Ол жастайынан сәнгер болған екен. Тұрмыс құрып, қазір екі қызы бар көрінеді. Үлкені 20 жаста дейді. Масако  35 жастан асқан әйелдердің сұлулық конкурсына қатысып, бас жүлде иеленгеннен кейін, оның сұлулық даңқы сәнгерлік даңқынан да асып түсіп, күллі Жапонияға таралса керек, сосын Интернет арқылы әлемге жайылыпты. Қазіргі 43 жасқа келгендегі суреті мынау (мен мұны өзім түсіргенім жоқ, Интернеттен http://yablor.ru деген сайттан алдым. Интернетте көп суреттері бар, өзіңіз ашып, танысуыңызға болады):

Шынында да, мына әйелді 43-те деп кім айтады. Қазір бұл Масако сұлу осы түрімен зейнеткерлікке шығыпты. Соған қарамастан өзінің жап-жас келбетінің арқасында сән мен сұлулық индустриясының белсендісі екен. Косметикалық компаниялармен келісімшартпен жұмыс істеп, теледидардан адамның өз-өзіне күтім жасауының маңызы мен әдіс-тәсілдері туралы арнайы хабар жүргізеді. (Адамның өзін өзі күте алуы деген де маңызды мәселе, әрине. Өйткені бұл бет-бейне мен осы тұлғаны Жаратушы иеміз басқалардан бөлектеп, арнайы саған ғана сыйға тартты деп ойлаймын. Ол сыйлықты құрметтеп, күтіп ұстау керек. Екіншіден, бұл ең алдымен өзіңе өзіңнің құрметпен қарағаның, сосын айналаңдағыларға деген құрметің деген де қағида бар).  Жапонияның бір басылымы Масаконың өзін өзі күтуге күніне 5 сағат уақытын жұмсайтынын жазған көрінеді. Әрине, бұл тым көп уақыт. Мен мұны уақытты ысырап ету дер едім. Бірақ, кім біледі. Қолы бос шығар. Әйтпесе, күніне 1 сағат уақыт та жетер еді. Масаконың өзінің блогы да бар екен. Бірақ ол жапон тілінде. Сол блогында ол былай деп жазған көрінеді: көбірек су ішу керек, ол организмді токсиндерден тазартады; Е дәрумені бар кремдерді, күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз; күнделікті ұйқыңызды қандырып, темекі, ішімдік деген пәлелерден аулақ болыңыз; денеңізді тік ұстап жүріңіз, күнделікті жаттығулар жасап тұру керек; жеміс-жидектер мен көкөністер, сүт тағамдары мен түрлі жаңғақтар жеп жүріңіз, олар бет теріңіздің жас қалпын сақтауға көмектеседі; күн сайын кешкілік бетіңізді қоршаған ортаның шаңы мен түтінінен күні бойы жұққан жұғындыдан тазартыңыз; көңіліңіздің терең түкпірінде өзіңіздің жап-жас екендігіңізді сезініп жүріңіз. Бұлар – Масаконың сұлулық қағидалары.

…Өйткені Шығыс халқы басқаша қартаяды

Еуропалықтар Масаконың жас болып көрінуінде тұрған ешқандай да құпия жоқ деп даурығысып жатыр. Өйткені зерттеушілердің айтуынша Орта Азия мен Қиыр Шығыс халқы, оның ішінде әйелдері еуропалықтарға  қарағанда басқаша қартаяды екен, дұрысын айтқанда, жастары 50-ге келгенше жас мөлшерін танытпайтын көрінеді. Өйткені шығыс халқының бетіндегі мимикалық бұлшық еттері тумысынан тығыз болады екен, сондықтан да берік болады екен және ол орта жастан асқанша босамайды екен, соның арқасында тері де созылмайды екен, өзінің қалпын ұзақ сақтап тұрады екен (зерттеушілер біледі ғой).

Жаратылыстың ең көркемі – адам делінеді. Адам өзінің сол көркемдігіне өзі тамсанып, Сұлудан өткен Сұлуды көріп, көңіліне азық алғысы келеді. Сұлулар жарысына деген құштарлықтың себебі де сол болса керек. Миллиардттаған көрермені жоқ болса, мұндай конкурстар өтпес те еді. Бірақ ең қиыны – бұл адам сол көркемдігінен ешқашан айырылғысы келмейді. Бірақ, сұлулығыңды сыпырып алатын кәрілік келмей қоя ма.

Адам баласын қорқытпайтын нәрсе жоқ шығар, сірә. Соның ішіндегі ең қорқыныштысы кәрілік болса керек. Өйткені қандай да бір нәрседен үрейленсең, ол үрейің әртүрлі себептермен біраз уақыт өткен соң тарқайды ғой. Ал қартаюдың қорқынышы адамға өмір бойы жолдас болады. Дегенмен, біздің қазақтар әдемі қартая білетін халық екенін білеміз. Біздің бір атамыз жасы 80-нен асқанда «Мен де кетемін, мың жасайтын құзғын ғой деп едің» деп отыратын. Соған қарағанда, кәріліктен қорқатындар – тек орта жастағылар ғана болар. Өйткені орта жас – кәріліктің орманы көз ұшынан бұлдырап көріне бастайтын шақ. Үрейлі нәрсенің айқын көрінгенінен де, бұлдырап көрінгені әлдеқайда қорқынышты шығар. Ал жастар қорықпайды. Өйткені олар қартаямыз деп ойламайды. Сосын қарт адамдар кәріліктен қорықпайды. Мысалы, менің мамам 90-да. Қорқып отырғанын көргенім жоқ.

Дерек көздері: http://praklomon.ru/1570