Айы Қазан, 2012 бойынша мұрағат

Бәрінен де мен сұлу Бәрінен де мен сұлу

Әйелдерді жазалаудың французша әдісі Әйелдер арасында сұлулыққа талас мәселесі тәуелсіздікке талас мәселесі сияқты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Өйткені сұлулықтың құдыретті күш екендігін адамзат баласы баяғыда-ақ мойындап қойған. Сондықтан да ол өзекті және солай бола береді де. Француздар әйелдерді     қатал түрде жазалаудың әдісі деп мынаны айтады екен: әйелді неше түрлі керемет әдемі шляпалар қатар-қатар ілініп, [...]

/2012/10/barinen-de-men-sulu/
Дана Шакарман Дана Шакарман

ҚАРЫНДАШ деген сөздің түп-төркіні түркінің сөзінде жатыр… Қарындаштың, орысша «карандаштың»  не екендігін бәріміз де білеміз, бірақ «қарындаш» сөзінің түп-төркіні қайда жатқанын жұрттың бәрі біле бермесі анық. Қарындаш сөзі көне түркінің «қара» және «даш», яғни, «қара тас» деген сөздерінен алынған көрінеді. Ал бұл қара тастың қарындашқа қандай қатысы бар дегенге үңіліп көрейік.   «Алуан түрлі із [...]

/2012/10/dana-shakarman/
Назерке Әбікеева Назерке Әбікеева

Махаббат баспалдағы   Кешеден бері қанбаған ұйқы, басымды ауыртып, қайта-қайта партаға тарта берді. Алаңсыз ұйқыға кетсем деген оймен жан-жағыма барлау жасадым, отырған жерім дәл мұғалімнің алды екен. Қазақ тілінің майын тамызып, жілігін шағып жүрген Бижамал апайдың алдында ұйықтау тоқсан бойы алған бағаңды бір-ақ сәтте жоққа шығарумен бірдей екенін ойлап, «Абай жолының» бірінші кітабы бойынша ой [...]

/2012/10/nazerke-abikeeva/
Айдары Проза  Таңбалары:, Пікірлері »
Жәлел Шалқаров Жәлел Шалқаров

1986 жылы Қарақалпақстанда Беруний  ауданында  дүниеге келген. 2009  жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Бүгінде Алматы қаласында қызмет етеді.   Төлегенше Тағдырымен  алысқан  пенде  дертін, Жылуымен жырымның емдеп  еркін. Өлең дейтін  өлкеге өрлік  етіп, Өз  жүгімді  арқалап  мен де келдім. Жүрегімде  ғасырлар жарасы  бар. Қабағымда халқымның  наласы  бар. Тамырымда  Әмудің  толқындары, Төлегенін  сағынып  алас [...]

/2012/10/zhalel-shalqarov/
Қызырбек Дүргінбайұлы Қызырбек Дүргінбайұлы

1990 жылы Монголия республикасының Баян-Өлгий аймағының Цэнгэл ауылында дүниеге келген. Қазір С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Үш жұрт Алас-алас, бисмилләһи, тағы алас, Әлди-әубәй, әубәй-әлди аралас. Бесік жырын айтып анаң тербетіп, Ұйқылы ояу отыр мызғып шала мас. Бұл – бірінші ата жұртың, бесігің. Бастың аяқ, аштың өмір есігін. Нағашыңа әлі бара жатарсың, Мен [...]

/2012/10/qyzyrbek-durginbajuly/
Сайлауғазы Қастербек Сайлауғазы Қастербек

Ана туралы Сіз өткелі жүрегім мұң атуда, Сағынышпен сарқылды қуатым да. Пейіштегі жылаған сәбилерге, Ана болып кеттің бе, уатуға? Төзімменен түрсем де білегімді, Қайтейін жасым жұтты жігерімді. Әлемде бар адамнан таба алмадым, Мейірімнен жаралған жүрегіңді. Қорқыттың қобызының күйі сынды, Күңірентіп кеттің қайда үй-ішіңді. Тым болмаса бір келіп кетпейсің бе, Сағынып жүрмін ана иісіңді. *** Жалған [...]

/2012/10/sajlaughazy-qasterbek/
Айжан Тәбаракқызы Айжан Тәбаракқызы

Саған… Сенің жанарыңнан мөлт еткен өзімнің қайғымды көріп, Жүрегіңнен мен қонар бос қалған айдынды көріп, Қиялымның қанатын қақтырып, Кірпігіме аңсардың мөлдір шығын тақтырып, Ұмытқым келмеген.   Сенің айтқан естелігіңнен өзімнің өткенімді көріп, Бұл күнге мен жайлы арманды қанат қып жеткеніңді көріп, Батар күнді құз басынан асыра салып, Жүдеу жүзіме Ай нұрын перде ғып жасыра салып, [...]

/2012/10/ajzhan-tabarakqyzy/
Ұлағатты сөздер

Соғыс салған сергелдеңдердің қа­нын еркектер төгеді де, шерін әйелдер шертеді ғой. Соғыс тек әйелдер көзімен үңілгенде ғана бар шынын айтатын зұлмат құбылыс. Әбіш Кекілбаев Менің тілім өз ұрпағыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам жаным түршігеді. В.Г.Короленко   Журналистер тапсырма бойынша ұнатпайтын тақырыбын жазғанда сүймейтін жігітіне ұзатылып бара жатқан қалыңдықтың күйін кешеді. Рза Оңғарбай Тілі зордың  [...]

/2012/10/ulaghatty-sozder/
Құрманғазы Жұмағұлұлы

Ысырап  Алакөлеңкелеу аядай үйде екі бірдей жетім баламен Райхан отыр. Қыс ызғары тозығы жеткен есік терезенің саңлауынан уілдей кіріп, үйдегі жетімдерді желкелегендей «сақ -сақ» күледі. Күлгені емей немене? Онсыз да жылуға жарымай тұрған үй ішін кеулей кіріп, ызғарымен қарып бара жатқаны мынау. Шешелері қар омбылап жүріп, сай басынан сүйреп әкелген ағаштың томары пышылдай жанғанымен, оның [...]

/2012/10/qurmanghazy-zhumaghululy-2/